jasqazaq.kz

Қызылорда: Кәсіпкерлік саладағы жобаларға қолдау көп

18 маусым 2025, 14:12

Қызылорда облысының агроөнеркәсіп кешені саласында 2025-2027 жылдары іске асырылатын инвестициялық жобалардың Жол картасы бекітілгені мәлім. Онда жалпы құны 57,1 млрд теңгені құрайтын 30 инвестициялық жоба қамтылған. Бұл жобалардың жүзеге асырылуы 295 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында шағын және орта кәсіпті бастағандар мен бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан кәсіпкерлерге барынша қолдау көрсетіліп келеді. Биыл жалпы құны 13,4 млрд теңгені құрайтын 14 жобаны іске асыру жоспарланса, бүгінде соның үш жобасы іске қосылып отыр. Олар: Жалағаш ауданы «Ер Әлі» шаруа қожалығының күріш ақтау зауытының құрылысы, Арал ауданындағы «Қарашалаң балық» ЖШС-нің балық өнімдерін өндіретін зауыт құрылысы жобасы және Жаңақорған ауданындағы «Қожамберді Батыр» мал сою пункті. Жол картасына сәйкес, келесі жылы құны 20,9 млрд теңгені құрайтын 13 жоба, 2027 жылы құны 22,7 млрд теңгені құрайтын 3 жоба іске қосылады деп жоспарланған.

Айта кеткен жөн, Қызылорда өңірінде өндіріс орындарын ашуға жергілікті кәсіпкерлер ғана емес, қызығушылық танытқан шетелдік компаниялар да тартылады. Жуырда Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қытай инвесторларымен кездесіп, өңірде шыны талшық өндіру зауытын және күн электр станциясын салу жобаларын талқылады. Аймақ басшысы облыстың бұл бағытта айтарлықтай әлеуетке ие екенін атап өтті.

«Облыс аумағында шыны талшық өндірісін толық көлемде іске қосу үшін қажетті минералды шикізаттың бай қоры бар. Бұл өндіріс үшін кварц құмы, бор ангидриді, сода, натрий сульфаты, калий, әктас, доломит, магнезит, глинозем, қорғасын оксидтері сияқты шикізаттар қажет. Осы минералдардың барлығы облыс аумағында қолжетімді», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Аймақтың географиялық орналасуы мен климаттық жағдайы күн мен жел энергиясын молынан өндіруге мүмкіндік береді. Бүгінде облыста жалпы қуаты 89 МВт болатын 9 күн электр станциясы жұмыс істейді. Оның үшеуі шетелдік инвесторлардың қатысуымен салынған. Қуаттылығы 201,5 МВт болатын тағы 6 жоба қолға алынған.

Мамандардың айтуынша, облыста күн энергиясының әлеуеті — жылына 32 триллион кВт/сағат, ал жел энергиясы 2,7 триллион кВт/сағат. Күн сәулесінің түсу ұзақтығы орта есеппен 3000 сағатқа дейін жететінін ескерсек, бұл бағытта жаңа жобаларды жүзеге асыруға өте қолайлы жағдай қалыптасқан.

Қызылорда облысының әкімі қытай инвесторларына жобаларды орналастыру үшін «Қорқыт Ата» арнайы экономикалық аймағын ұсынды. АЭА қатысушыларына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, бірқатар салық және кедендік жеңілдіктер беріледі. Оларды корпоративтік табыс салығы, кедендік баждар, жер және мүлік салығынан, жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлемақыдан босату қарастырылған.

Бұдан бөлек, мемлекет жобаларды іске асыру үшін қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етеді және кейіннен сатып алу құқығымен жер учаскесін тегін жалға береді.

Кездесу соңында аймақ басшысы әкімдік тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Айжан Жұмабекқызы,
Қызылорда облысы
Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін, 15:45
Скверлер, жағалаулар мен аулалар: Алматының Жетісу ауданында 12 гектар көріктендіріледі
07 сәуiр, 14:46
Астанадағы білім беру ұйымдарында тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өткізіліп жатыр
07 сәуiр, 14:43
«Таза Қазақстан»: елордалық зауыт аумағында ауқымды тазалық өтті
06 сәуiр, 10:50
OPEC+: Қазақстан мұнай өндірісі көлемін арттырады
03 сәуiр, 19:34
EQ — табысқа жетудің жаңа формуласы
31 наурыз, 20:53
Найти работу в Астане станет проще: Карьерный центр открылся в трех точках города
31 наурыз, 20:52
"Пропущенная доставка": астанчан предупреждают о новой схеме мошенников
31 наурыз, 20:49
Защита Родины — дело настоящих мужчин!»: в Астане проводили в армию очередную группу молодых людей
31 наурыз, 15:42
Отандық экотуризм: Жаңа бағыт, қарышты қадам