Қызық логика. 50 пайызды құятындардың бәрі бай деп кім айтты?

16 қараша 2023, 15:18

Бүгін «Отбасы банк» басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова сатып алынатын баспананың жарты сомасын (50 пайызын) бірден құйғандарға неліктен ипотеканы бірден рәсімделмейтін себебін түсіндірді.

«Бұл – әділеттілік мәселесі. 50 пайызды кім әкеледі? Осындай ресурсы бар адам. Ол бір жерден 10 млн теңгені алады, ал бізде 2 миллиоға жуық адам ай сайын 50, 60, 70 мың теңгеден жинайды», — дейді Ибрагимова ханым.
Оның айтуынша, қазір банкте тұрғын үй-құрылыс жинақ жүйесі немістің үлгісіне құрылған. Бұл салымшы белгілі бір уақытқа дейін қаржы жинап, содан кейін пайдалану керек дегенді білдіреді.

Еске түсірсек, осы банк биыл шілдеде 50 пайызды құйған азаматтарға 3 ай өткеннен кейін ғана ипотека рәсімдеуге рұқсат беретін шешім қабылдаған. Бүгін Ләззат Ибрагимова келесі жылы осы мерзімді 6 айға ұзартамыз деп мәлімдеді.
«Меніңше, бұл табысы орташа, яғни біртіндеп жинайтындар үшін әділетті. Осылайша біз бірден 50 пайызды құятындарға артықшылық бермейміз», — деді ол.

Қызық логика. Мұның ар жағында 50 пайызды басқа жақтан алып келетін адам бұдан былай сол ақшасын бізде сақтасын деген ой жатқан жоқ па? Одан кейін баспананың жартысын төлейтін адамның бәрі бай деп кім айтты? Өмірде әр түрлі жағдай болады. Мүмкін ол ескі пәтерін немесе көлігін сатып, одан түскен ақшасына баспананың жартысын төлейін деген шығар?

Ал әділеттілік туралы айтсақ, әлгі 50 пайызды бірден құятын адамның «Отбасы банкке» қалған 50 пайыз емес, бүкіл сомаға, яғни 100 пайызына 3 жыл бойы пайыздық мөлшерлеме төлейтіні әділетті ме? Иә, басқарма төрайымы салымшының 50 пайызы 3 жыл депозитте сақталуы тиіс екенін, осы кезеңде банк пен мемлекеттен сыйақы төленетінін бірнеше рет түсіндірген. Үш жыл өткен соң салымшының құйған 50 пайызы қарыздың жартысын жауып, пайыздық мөлшерлеме 3,5 — 5 пайыз болатын заемға өтеді. Үш жылдың ішінде салымшы ай сайын құйып отыратын соманың қомақты бөлігін банк пайыздық мөлшерлеме ретінде алып отырады. Клиенттің негізгі қарызын жабатын қаржыны сол кезде теңізге құйған тамшымен салыстыруға болады.

Мұны депутаттар да, экономистер де бұрыннан айтып жүр. Бірақ ешкім құлағына да қыстырған жоқ.
Сондықтан банк басшысының әділеттілік туралы сөз қозғауы қисынға келмейді.

Наргүл Мырзахмет

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу