jasqazaq.kz

Қызғаныштан: 16 жастағы қызға зорлық-зомбылық көрсеткен оқиғаның мән-жайы мен видеосы жан түршіктірді

05 қыркүйек 2025, 15:28

Алматы облысында 16 жастағы жасөспірімді жабылып ұрып-соғып, артынан жыныстық зорлық-зомбылық көрсеткен екі әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалғаны жайлы кеше жазған болатынбыз. Жәбірленушінің анасының айтуынша, оның қызына жасалған қорлықтың себебі – әйелдің қарапайым қызғанышы болған.

Tengrinews.kz хабарлауынша, қыз алдағы оқу орнына түсу мәселесін талқылау үшін бір ер азаматпен телефон нөмірімен алмасқан. Кейін ол азамат бейнеқоңырау шалып, әңгіме университетке қабылдану тақырыбында өрбіген.

Қоңырау аяқталғаннан шамамен жарты сағаттан кейін қызға бейтаныс әйел хабарласып, өзін әлгі ер адамның қалыңдығымын деп таныстырған.

«Ол қызымнан онымен сөйлеспеуін, оны бұғаттап, маған скриншот жіберуін өтінген. Қызым үшін 30 жастағы әйел – апай. Әрине, ол айтқанын жасады», – дейді жәбірленушінің анасы.

Алайда «қалыңдыққа» бұл жеткіліксіз болып шықты. Келесі күні ол қызға қайта хабарласып, сөйлесуге шақырған. Мектеп оқушысының үйіне әйел құрбысына ілесіп көлікпен келген. Олар қызды көлікке отыруға шақырған. Қыз ешқандай күмәнданбай отырған, бірақ кейін нағыз тозақты бастан кешкен.

«Алдымен әйел оның телефонын алып, хат алмасуларын қарай бастаған. Кейін бетіне ұрып, шашынан тартқан», – дейді анасы.

Одан соң екі әйел темекі тұтатып, оны қыздың қолы мен аяғына басты. Бұл аздай, олар оны елсіз жердегі өзенге апарған. Сол жерде «қалыңдық» кәмелетке толмаған қызды ұрып-соғып, бірнеше рет басын суға батырған әрі аяғын сүйгізген. Ал оның құрбысы болған жайды бейнежазбаға түсірген.

Одан кейін әйелдер қызға таяқпен жыныстық зорлық-зомбылық көрсеткен.

Екі күдікті әйел құрықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр. Кінәлілер қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатаң жауапқа тартылады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Казахстанские новости тут (@lavina.kz)

18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады