jasqazaq.kz

«Қызғаныш». Түркістан облысында ер адам әйелін өлтіріп, артынша өзіне қол жұмсаған

16 қыркүйек, 9:39

Сурет: Видеодан кадр

Түркістан облысында 56 жастағы азамат өз әйелін балғамен ұрып өлтіріп, артынша өзі де дәретханаға барып асылып қалған, деп хабарлайды jasqazaq.kz КТК-ға сілтеме жасап. 

Сұмдық жағдай Сайрам ауданындағы Қарамұрт ауылында болған. Күйеуінің мұндай қатыгездікке баруына қызғаныш себеп болған көрінеді. Себебі ол қанды қылмыстан кейін телефонына аудиожазба қалдырып кеткен дейді әйелінің туыстары. Марқұмдардың артында кәмелетке толмаған төрт бала қалды.

Қанды қылмыс Қарамұрт аулында бес күн бұрын болған. Таңертең ұйқыдан тұрған балалар есіктің алды қанға малынып жатқанын көреді. Сәл әріректен анасының денесін табады. Шошыған балақайлар көршілері мен туыстарын шақырыпты. Әйелді көрген туыстары Ділнара Мырхадиеваның басының мылжасы шыққанын айтады.

Мухаббат Мырхадиева, марқұм әйелдің әпкесі: — Сіңлімді мына жерден ұрған кезде еті кіріп кеткен. Еті мына жерден шығып қалған. Мына жаққа тартып тігіп қойған, мына жағы жыртылған. Бәрін тігіп қойған. Сүйреген кезде қолының далағын шығарған. Денесінің сау жері жоқ.

Көршілер түнде әйелдің бір сәт шыңғырған дауысын естігенін айтыпты. Мәйіт шыққан үйден туыстары қанға бөккен балғаны да тапқан.

Жедел жәрдем шақырып абыр-сабыр болған жұрт Ділнараның күйеуін іздейді. Сөйтіп телефон шалғанда ауладағы дәретханадан қоңырау үні естілген. Есігін ашқанда жіпке асылып тұрған Нуриддин Низамовтың денесін көреді. Ол мойнына жіп салмас бұрын, телефонға аудиожазба қалдырып, бұл қадамға қызғаныштан барғанын айтып кеткен. Оны полицейлер тыңдатты дейді марқұмның туыстары.

Мырзарахым Мырхадиев, марқұмның туысы: — «Мен өз әйеліме қол жұмсадым» деген. Қалай жұмсағанын айтпаған. Себебі зина көбейіп кетті. Маған айтты, біреулер, «неге мынау машинада қатының жүр» дейді. Одан кейін мен сондай істедім дейді. Қызғаныштан болып жатыр ғой.

Түркістан облысының полиция департаменті: — Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәліметтер бойынша, жергілікті тұрғын үйде жұбайына жарақатын салып, ол қайтыс болған.

Осы оқиғадан соң ер адам қылмыстың себептерін сипаттайтын аудиожазба қалдырып, өзін-өзі өлтірген. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған іс-шаралар атқарылып жатыр. Бұл Нуриддин Низамовтың екінші некесі екен. Бірінші әйелінен үш бала қалса, екінші әйелінен төрт бала тұл жетім атанды. Қараусыз қалған балалар қазір оңалту орталығында. Үлкені 13-те, мүгедектігі бар кенжесі небәрі төрт жаста екен. Енді нағашылары жетімдерді «тезірек қолға алсақ» деп отыр.

06 қазан, 11:27
Алматыда Азаматтық қоғамды дамытуға арналған форум өтті
30 қыркүйек, 11:51
Алматы: Сапалы ауыз сумен қамту бағытында
25 қыркүйек, 13:46
Алматы: Көлік инфрақұрылымындағы жаңа белес
25 қыркүйек, 13:15
Бүгінгі Әлемнің Тілеуі – Қауіпсіз Ғалам
23 қыркүйек, 16:23
"Үлкен Алмадағы" жемісті жүздесу
22 қыркүйек, 15:31
TEKNOFEST 2025: Стамбулды технология ордасына айналдырған фестиваль өтті
20 қыркүйек, 23:04
PRO.NRG Fest 2025: Тамыры тереңнің бұтағы биік
20 қыркүйек, 12:12
Қала күніне орай ауданда жаңа жүргіншілер аймағы ашылды
03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке