Қызды ұрған шетелдік жігіт ұсталды

05 қазан 2023, 11:02

Алматыда 19 жастағы шетелдік жігіт қызды қорлап, соққыға жыққан.

Бейтаныс жігіттен таяқ жеген бойжеткен әлеуметтік желіде видеоүндеу жариялады.
Алматы тұрғынының айтуынша, оқиға 26 қыркүйектен 27 қыркүйекке қараған түні қаладағы бильярд клубтарының бірінде болған.

«Мен жұмыста болдым. Бейтаныс ер адам мені жыныстық қатынасқа шақырып, ренжіте бастады. Мен бас тартқаннан кейін ол мені балағаттап, қолымнан ұстады. Ол менің жұмыстан шыққанымды күткен. Таксиге отырғызбай, өзімен бірге баруға мәжбүрледі. Келісім бермегенім үшін соққыға жықты. Мен есеңгіреген күйде полиция шақырдым. Полиция болмаса тіпті қиын болар еді. Мен өмірім үшін қорқамын. Оның 19 жаста және шетел азаматы екенін білдім», – деді ол.

Алматы қалалық Полиция департаменті, аталған дерек Түрксіб аудандық полиция басқармасында тіркеліп, ҚР ҚК-нің 293-бабы 1-бөлігі бойынша тергеліп жатқанын хабарлады.

«Осы қылмысты жасаған күдікті 2004 жылы туған А. есімді азамат ұсталды. Бойжеткеннің алған жарақатының ауырлығын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу шаралары кешенінің нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады», — деп атап өтті Алматы қалалық ПД Баспасөз қызметінен.

JQ-Aqparat

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді