jasqazaq.kz

Қызды дәретханаға сүйрелеген: Жамбыл облысындағы интернатта болған оқиғаға қатысты тың ақпарат жарияланды

10 қыркүйек, 9:07

Әлеуметтік желіге тараған бейнежазбада интернат оқушылары қыз баланың соңына түсіп, дәретханаға сүйреп кіргізген. Жан-жақтан жабылған балалар оқушы қызды құлатып, дәретхана ішіне сүйрелеген. Жамбыл облысында мектеп дәретханасында болған жағдайды бірнеше айдан бері жасырып келген мектеп директоры енді жауапқа тартылаатын болады, деп хабарлайды jasqazaq.kz КТК-ға сілтеме жасап. 

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазба 5 сәуір күні Нұрғиса Тілендиев атындағы мектеп-интернатындағы бақылау камерасына түсіп қалған. Онда 1 сыныптың оқушылары қыз балаға күш қолданып, дәретханаға сүйреп кіргізгенін көруге болады. Бейнежазба авторы «оқушылар шалбарын киюге ұмтылып, сыртқа қашқан қыз баланы зорламақ болғанын» айтады. Алайда бұл жағдайдан білім басқармасы мен құқық қорғау орындары бейхабар болып келген.

Дәурен Бағжанов, Бала құқықтары жөніндегі Жамбыл облысындағы омбудсмен: — Бұған дейін тәрбиеші мен мектеп директоры, және басқа жауапты қызметкерлер тәртіп жазасына тартылды. Ал кішкентай қызбен білім басқармасы жанындағы психологиялық қолдау орталығының мамандары жұмыс істеді. Қазір ол оқушы Тараз қаласындағы басқа мектепке ауыстырылды. Ал бұл жағдайды жасырып келген директор жауапқа тартылуға тиіс.

Мектеп директоры болған жайытты жасыруға ата-аналардың өтініші себеп болды деп отыр. Өйткені зорлық көрді деген қыздың ата-анасы еш жерге тіс жармаған көрінеді. Мектеп ұжымы өзара тексере келе, ешқандай зорлық белгілері болмаған деген қорытындыға келген. Осылайша өз бетімен шешім қабылдаған басшы істі жылы жауып қоя салған.

Гүлзира Тойшыманова, Н.Тілендиев атындағы мектеп-интернатының директоры: — Жоқ, зорлық белгісі болмаған. Ата-аналардың өз өтініші негізінде шағымымыз жоқ деп айтылғандықтан, ата-аналармен жұмыс жүргізілді, түсіндірілді, Ол кезде тәртіп шарасы қолданылды.

Қазір мән-жайды анықтау үшін білім басқармасы жанынан жұмыс тобы құрылған. Ал полиция департаменті бұл бейнежазбаға қатысты арыз-шағым түспеген дейді. Алайда тәртіп сақшылары «бас жарылса, бөрік ішінде» деп, болған жағдайды жасыруға тырысқан директорды тәртіп жазасына тарту туралы ұсыныс жолдағанын айтады. Оның қорытындысы тексерістен кейін жарияланады.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда