jasqazaq.kz

Қыздар төбелесі

25 қыркүйек 2020, 12:26

Бәрі де уатсаптағы жазбадан басталған. Жасөспірім қыздар бір-біріне сөзді оқша боратыпты. Іштегі өкпе мен ызаны сөзбен айтса, адамның ашуы қайтады деуші еді. Жоқ, оған желінің шамасы келмейді екен. Әлгі қыздар онлайн-шәпілдесуді былай қойып, жүздесуді жөн көріпті. Содан басталды дейсің. Бір қыз жүр, етегіне сүрініп. Басында орамал. Жерде домалап жатқан қызды шіреніп тұрып тебеді. Шашынан тартады. Тағы біреулері жабылып төмпештейді.

Бұл кино емес. Ақтөбе облысындағы ауылдардың бірінде болған төбелес. Триллердің «қаһармандары» – сегізінші сыныпта оқитындар. Қыздар.

«Ішек тартып таң қалдық» десек, өтірік айтқанымыз. Бұған дейін де талай төбелес болған. Жаға жыртысып, шаш жұлысқан, тепкілескен. Кезінде кішкентай қыздардың құрбысын өлтіріп қойғаны да қоғамға ой салған.

Ал мына оқиға америкалық режиссер Стивен Джилленхолдың «Қыздар төбелесін» еске салды. 2011 жылы жарыққа шыққан фильм болған оқиғаның желісімен түсірілген. Жоғары сыныпта оқитын қыздар құрбысын соққыға жығып, смартфонға бастан-аяқ жазып алады. Бейнежазбаны интернетке салады. Жоғарыда айтылған оқиға да осы фильмнің құдды көшірмесі.Ұрып-соғу, бейнежазбаны әлеуметтік желіге салу. Қазіргі тренд сол. Бейнежазба неғұрлым сорақы болса, соғұрлым көп ұпай жиналады. Бірақ соны ұстаздары көрмейді деді ме… Әлбетте, көрді. Айқай-шу, талқылау басталып кетті. Мұндайда жәбірлеушінің кешірім сұрайтыны белгілі. Бұл да соңғы жылдары үйреншікті әдетке айналды. Біреу бірдеңе бүлдірсе, кешірім сұраған бейнежазба тарайды. Сонымен «құда да тыныш, құдағи да тыныш». Өтірік көзін сулап, «жаңылдым» деп жазадан құтылып кеткендер қаншама. Сол сияқты әлгі қызға да біреу үйретті ме, кім білсін.

Жиналыстағы көрініс тағы да желіге салыныпты. Ұрған қыз сұңқылдап кешірім сұрайды. Сөзіне құлақ салайық: «Бәлкім, мен оның аяғына бірдеңе сұққан шығармын (!). Онда тұрған ештеңе жоқ (!). Ашу үстінде кез келген адам солай жасауы мүмкін. Сондықтан да мен оның шашынан сүйредім (!)… Кешірім сұраймын» т.с.с. Кінәні мойнына алып, өзінше батырсынып тұр.
Сонымен «кино» бітті! Ендігі сценарий бойынша, ұзын етектің әке-шешесі (болса) таяқ жегеннің (ата-анасының) аяғына жығылуы тиіс. Екі жақ мәмілеге келсе, қазанның қақпағы қайта жабылады. Келесі оқиғаға дейін. Уақыт өте еліміздің басқа бір түкпірінде қайталануы мүмкін. Себебі белгілі. Осы кезге дейін мұндайларға қатаң жаза қолданылғанын естімеппіз.

Рас, қазір Қылмыстық кодекстің «Бұзақылық» бабы бойынша іс қозғалыпты. Инспекторлар түсіндіру жұмысын бастап кеткен. Ол да дұрыс шығар. Бірақ осы кезге дейін не істеп жүрген? Енді Ақтөбе облысындағы мектептерде науқан жүріп, тәрбие мәселесі майшаммен қаралатынына шүбә жоқ. Айтпақшы, әлгі қыздар оқитын мектептің директоры қызметінен кетті. Оның орнына келген адам біразға дейін белсенді жұмыс істеп, жағдай тұрақтанған соң бәрі де «таз қалпына түсетіні» сөзсіз. Қыздар да түк болмағандай оқуын жалғастыра берер. Ендігі сауал «Олар осы оқиғадан қандай сабақ алды, жүрегіндегі қатыгездік тоңы жіби ме?» дегенге кеп тіреледі.

Гүлнар Ахметова

Бүгін, 13:24
Түркістан: Бу-газ қондырғысының құрылысы талқыланды
Бүгін, 13:12
Түркістан: Созақта абаттандыру жұмыстары қарқынды
Бүгін, 12:35
Самат Талғатұлы: Түркістандағы ауыл тұрғындарына оңалту қызметтері қолжетімді бола түсті
Бүгін, 12:26
Түркістанда мүгедектіктің алдын алу мен оңалту қызметтері қандай деңгейде?
04 маусым, 12:21
Түркістанда тікұшақ пен дрон шығаратын зауыт салынуы мүмкін
03 маусым, 15:16
Сауран ауданында 280 мың басқа арналған құс фермасы іске қосылады
03 маусым, 14:48
Түркістан: Қазығұрт ауданындағы индустриалдық аймақта 8 жоба жүзеге асып жатыр
03 маусым, 12:49
Түркістан: Мақтаралда қоғамдық көліктер жаңартылды
03 маусым, 12:47
Түркістан: Мың шақырымнан астам жол жөнделіп жатыр