jasqazaq.kz

Қыздар құрамасының бас бапкері ойынға «Ресей» деп жазылған бас киіммен шықты

30 қараша 2017, 9:57

Футболдан Қазақстан қыздар құрамасының бас бапкері Айтбай Жамантаев ұлттық құраманың кезекті матчына «Ресей» деген жазуы бар бас киіммен шықты.

Бұл туралы sports.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Англия құрамасымен өткен кезекті матчқа Жамантаевтың Ресей деген жазуы бар бас киіммен шығуы жанкүйерлерге жақпай қалды. Еліміздің Әнұраны шырқалған кезде де Жамантаев бас киімін шешпеген.

Желіде пікір қалдырушылар ұлттық құраманың білдей бас бапкерін бұл қылығы үшін сөгуде. Көпшілігі оны патриоттық сезімнен жұрдай деп те атауда. Ал кейбір қолданушылар бапкердің бұл бас киіммен жүргеніне бірнеше жыл болғанын айтады.

«Қазан айының басында ерлер арасындағы Қазақстан ұлттық құрамасы Бухарестке «Өзбекстан» деген жазуы бар ұшақпен ұшып барғанда, барлығымыз намыстанып едік. Сөйтсек, ол мұның жанында түк емес екен ғой. Сенім артқан бас бапкеріміз, өз ұлтымыздың өкілі Англияда, төрткіл дүние алдында осылай ұятқа қалдырды. Енді бұған Қазақстан футбол федерациясы не дейді екен?! Бұл ойында ҚФФ өкілдері де болуы тиіс еді ғой. Әлбетте әрбір құраманың менеджері, әкімшіліктік қызметкері болады. Олар не қараған?!», — деп жазады sportsffa.kz сайты.

10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады
05 тамыз, 12:34
Бала жанын түсіну – рухани жауапкершілік
31 шiлде, 15:56
Тайланд-Камбоджа: Шиеленіс қалай шешілді?
31 шiлде, 15:21
2,7 млн жайылым жер мемлекетке қайтарылды: жұмыс жалғасады
31 шiлде, 15:00
Айгүл Жамалбекова: Мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай шектеу жоқ
31 шiлде, 14:48
Қолжетімді баспана – мемлекеттік тұрғын үй саясатының басым бағыты
31 шiлде, 12:19
Жетісайда мүмкіндігі шектеулі жандардың өтініші басты назарда