Қытайлық компания мұнай-газ саласындағы жаңа жобаларға қатысады

08 қыркүйек 2023, 10:31

Премьер-Министр Әлихан Смайылов пен Sinopec компаниясының президенті Юй Баоцай мұнай-газ саласында жаңа жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Үкімет басшысы Sinopec компаниясының тікелей қатысуымен елімізде бірқатар маңызды жобаның жүзеге асқанын, оның ішінде Атырау мұнай өңдеу зауытын модернизациялауды атап өтті.
Сондай-ақ ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастыру қажеттігін атап өткенін еске салды. Атап айтқанда, мұнай-газ химия өндірісін жедел дамыту міндеті қойылды.
Өз кезегінде Sinopec компаниясының басшысы Қазақстан мен Қытай арасындағы энергетика саласы бойынша ынтымақтастық жоғары қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті. Бұл, өз кезегінде, екі ел халықтарының әл-ауқатын арттыруға зор үлес қосуда.
Бұдан бөлек, Sinopec президенті мұнай-газ саласындағы қазақстандық мамандардың кәсіби тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру жөнінде бастама көтерді.

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді