jasqazaq.kz

«Қысым көрсету, манипуляция»: Руслан Берденов сотта айтылған Жиенбайдың мәлімдемесіне жауап берді

06 тамыз 2025, 17:53

Руслан Берденов бүгін сотта Ернар Жиенбайдың мәлімдемесіне байланысты пікір білдіріп, оның жұбайын да, отбасын да танымайтынын айтты, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Руслан Берденов денсаулығына және бес оқ жарақатынан кейінгі оңалту кезеңінен өтіп жатқаныма байланысты сот отырыстарына жеке қатысуыма мүмкіндігі жоқ екенін айтып,  сот процесін және оған қатысты ақпараттық кеңістіктегі ахуалды мұқият бақылап отырғанын жазды.
«Сотта жауапкер Жиенбай тарапынан айтылып жатқан мәлімдемелерге үнсіз қалу мүмкін емес. Бұл тек қана шантаж және қысым көрсету әрекеті. Соңғы рет мен оны сол күні, дәл өзі аңшы мылтығынан атып кеткен кеште көрдім. Одан кейін бізде ешқандай байланыс болған жоқ. Кейінірек ол өкілдерімен бірге менің қорғаушыларыммен байланыс орнатуға тырысып, «достасуды» ұсынды. Кешірім берілсе, шу көтермейміз деді, ал бас тартқан жағдайда «ақпараттық жарылыс» жасаймыз деп сес көрсетті. Тіпті, айыпталушының әкесі өзін-өзі өртейді деген мәлімдеме жасалатынын айтты. Мұны мен тікелей қысым деп бағалаймын», деп жазды жеке парақшасында  Р.Берденов.
Берденов қандай да бір қысым мен арандатуға жол бермегенін айтты.
«Бастапқы ұстанымым өзгерген жоқ. Қақтығыстың түп-төркіні — кәсіби, қызметтік сипатта. Жауапкер келісім аясындағы жұмысын адал атқарғысы келмеді, есеп беруден жалтарды. Мен тек ашықтық пен міндеттемелердің орындалуын талап еттім. Ал қоғам назарын «қызғаныш», «жеке қатынас», «жұбайы» секілді жалған себептерге бұру — манипуляция, шындықтан алыстату. Мен оның жұбайын да, отбасын да танымаймын. Ол мен үшін тек мердігер болатын. Бұдан да сорақысы – бүгінде бұл жалған мәлімдемелерге қала әкіміне қатысты тұстарды да қосып жатыр. Бұл тағы да істің ақиқатқа емес, қысым көрсету мен беделге нұқсан келтіруге бағытталған өрескел манипуляция екенін дәлелдейді. Мен мұндай мәлімдемелерді үзілді-кесілді жоққа шығарамын және оларды мойындамаймын. Менің ұстанымым — өзгермейді. Депутаттық өкілет мерзімі аяқталған соң да, мемлекетке адал қызмет ету жолынан тайған жоқпын. Соңғы үш жылымды осы жолға арнадым. Қала әкімінің шақыруымен әкімдікке келіп, ашық, адал жұмыс істеуге, халыққа шынайы көмек көрсетуге күш салдым», — деп Берденов.
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет
20 қантар, 10:48
Банкомат арқылы қолма-қол ақша алатын азаматтарға қатысты деректер базасы құрылмайды – Ұлттық банк
19 қантар, 13:48
Аида Балаева балаларға арналған кітаптардың жоқ екенін ашып айтты
12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?