jasqazaq.kz

Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту – масылдықтан арылудың нақты жолы

28 шiлде 2025, 17:52

Қазіргі таңда ел ішінде еңбекке бейім, кәсібі бар азаматтарға сұраныс күн санап артып келеді. Шымкент қаласында жұмыссыздықпен күрестің тиімді жолдарының бірі – қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бағдарламасы. Бұл бастама масылдық психологиясынан арылып, әрбір азаматтың өз еңбегімен табыс табуына жағдай жасап отыр.

Мемлекеттік бағдарлама аясында 18 жастан бастап, зейнет жасына дейінгі жұмыссыз азаматтар (студенттерден басқа) 3 ай көлемінде жаңа кәсіпті меңгеріп, еңбек нарығына араласуға мүмкіндік алады. 2024 жылы Шымкент қаласында 670 тұрғын осы бағдарламаға қатысып, оның 393-і оқуын толық аяқтап, арнайы сертификат алған. Ең қуаныштысы – 297 азамат өз мамандығы бойынша тұрақты жұмысқа орналасып үлгерген.

Кәсіби білім алған шымкенттіктер бүгінде визажист, кондитер, шаштараз, аспаз, жиһаз жинақтаушы, сантехник, тігінші сынды 26 түрлі мамандықтың иесі атанып отыр. Ал жұмыс беруші кәсіпорындардың базасында білім алғандар арасында бухгалтер-кассир, құрылыс шебері, тоқу шебері, былғары өңдеуші, наубайшы секілді нақты кәсіп иелері бар. Бұл мамандықтар – тек табыс көзі емес, масылдықтан құтқаратын мүмкіндік.

Өмірлік мысал ретінде Шымкент қаласының 53 жастағы тұрғыны Индира Қырықбаева мен 49 жастағы Асия Ауезбаеваны айтуға болады. 2024 жылы олар «RECOMP» оқу орталығында «наубайшы» мамандығын үш айда игеріп, арнайы сертификат алған соң, «Turan Retail» мекемесіне тұрақты жұмысқа тұрған.

«Орта жасқа келгенімізге қарамастан, жаңа кәсіп үйреніп, қолымызға нан табудың жолын алдық. Қазір айлығымыз тұрақты, жұмысымыз көңілден шығады. Мемлекет бізге жаңа мүмкіндік берді, енді бәрі өз қолымызда. «Жас келсе – іске, кәрі келсе – кәсіпке» деген осы шығар», – дейді олар.

Биыл, яғни 2025 жылы Шымкентте тағы 770 тұрғын қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жолданбақ. Бұл – жүздеген адам өз нанын өзі тауып, масылдық психологиясынан арылып, қоғамның белсенді мүшесіне айналады деген сөз.

Қазіргі қоғамға тұтынушы емес, табыс әкелуші адам керек. Шымкенттегі қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бағдарламасы соған жол ашады. Бұл бастама – тек оқыту емес, өзіңе деген сенім мен кәсіби болашаққа берілген мүмкіндік. Масылдық – уақытша жайлылықтың иллюзиясы. Ал еңбек – нағыз ертеңге бастайтын шынайы жол.

Мемлекет мүмкіндік беріп отыр. Енді әрекет ету – әр азаматтың өз таңдауы.

Бибайша Нұржанқызы, 

Шымкент 

20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді