jasqazaq.kz

Құрылтайға кездейсоқ адамдар емес, партия сүзгісінен өткен нағыз кәсіби мамандар келеді

29 қантар, 19:25

Бүгін Конституциялық комиссияның кезекті отырысында Мәжіліс депутаты Серік Егізбаев бір палаталы Құрылтайдың артықшылығына тоқталды, деп хабарлайды jasqazaq.kz.
Серік Егізбаев: «Мемлекетіміздің саяси жүйесін түбегейлі жаңғыртатын, еліміздің даму бағытын айқындайтын тарихи кезеңде тұрмыз. Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның мүшесі ретінде атқарылған жұмыстың ауқымын, талқылаудың деңгейін көре отырып, отандастарымызға бұл біздің егемендігімізді нығайту жолындағы нағыз жауапты, қызу әрі жемісті кезең екенін нық сеніммен айта аламын… Бізге толассыз келіп түскен 2 мыңнан астам ұсыныс пен азаматтармен өткен тікелей кездесулерді ескерсек, қоғамның бұл өзгерістерді қаншалықты зор ықыласпен күтіп отырғанын байқадық, — деді.
Жаңа Конституциялық редакцияға сәйкес, бір палаталы Құрылтай заң шығарушы билікті жүзеге асыратын ең жоғары өкілді орган болып бекітілді. Бұл жердегі ең негізгі жаңалық – заң шығару күн тәртібін бір ғана палата қалыптастырады.
«Бұл қадам не береді? Біріншіден, заң шығару процесіндегі артық бюрократияны – палаталар арасындағы ұзақ келісімдер мен кедергілерді жояды. Екіншіден, Конституциямыз бойынша мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық. Ал сол халықтың атынан сөйлеу құқығы тек Мемлекет басшысына және өзінің конституциялық өкілеттігі шегінде Құрылтайға ғана тиесілі. Бұл – Құрылтайдың саяси салмағы мен деңгейін көрсететін ең басты тетік. Бұл дегеніміз, Құрылтай жай ғана заң қабылдаушы мекеме емес, ол халықтың билікке тікелей қатысуын қамтамасыз ететін, егемендігіміздің символына айналатын ең жоғары легитимді орган екенін білдіреді», — деді депутат.
Құрылтай заңның жобалануынан бастап, оның қабылданып, күшіне енуіне дейінгі жауапкершілікті мойнына алады.
«Құрылтайға кездейсоқ адамдар емес, партия сүзгісінен өткен өз саласының нағыз мамандары мен кәсіби кадрлар келеді. Партиялық тізім — Құрылтайдың интеллектуалдық әлеуетін қамтамасыз ететін негізгі тетік. Бұл жүйе арқылы Парламентке қоғамның барлық тобын, әсіресе ауыл мамандарын және білімді жастар мен белсенді әйелдерді тартамыз», — деді Серік Егізбаев.
JQ-Aqparat
Сурет: @consot_kz

30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет