Қырық киіктің еті заңсыз тасымалданған

27 қазан 2023, 11:55


Әлеуметтік желіде көлікке тиелген қырық киіктің етін тасымалдау дерегіне байланысты полиция әкімшілік құқықбұзушылықты анықтады.
Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қазанның 23-інде полиция қызметкерлері “Астана-Қорғалжын” автожолында 40 киіктің еті тиелген “Jac” көлігін тоқтатқан.
Тексеріс барысында жүргізушінің Қорғалжын ауданы Сабынды ауылында орналасқан «Астана Агропродукт» ет комбинатынан екені анықталды.
— Тасымалдаушы жүкқұжаттардың түпнұсқаларын және «Охотзоопром бойынша» РМҚК мен «Астана Агропродукт» ЖШС арасында жасалған тауарды өткізу/жеткізу шартының электрондық көшірмесін ұсынды. Сондай-ақ, Ақмола облысының аумағында киіктердің популяциясын реттеу туралы № 688 Үкімет қаулысы да бары анықталды, — деп түсіндірді ПД баспасөз қызметінен.
Ведомстводан атап өткендей, киіктің етін тасымалдау дерегі Целиноград аудандық полиция бөлімінің ақпаратты есепке алу кітабында тіркелген.
— Тексеру материалдары ҚР ӘҚБтК 406-бабына сәйкес мал өнімдерін тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін ветеринариялық инспекцияға жіберілді, — деп толықтырды ведомстводан.

JQ-Aqparat

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу