jasqazaq.kz

Қырғызстанда Қазақстан Республикасы Президентінің кітабы таныстырылды

25 қараша, 20:22

Ош қаласында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әке туралы ой-толғау» («Атам жөнүндө баян») атты қырғыз тіліне аударылған кітабының таныстырылымы өтті.
Кітап қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының негізін қалаған, елдік пен ерлік жолында қалам тербеген көрнекті жазушы, қайраткер тұлға Кемел Тоқаевқа арналған.
Іс-шара Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрлігінің конференция залында өтті. Оған ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Қырғызстанның Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрінің орынбасары Аскаралы Мадаминов, Ош қаласының мэры Женишбек Токторбаев, ОшМУ ректоры Қудайберди Кожобеков, Қырғызстан Жазушылар одағының бұрынғы төрағасы Нурланбек Калыбеков және Қырғызстанның шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысты.


ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева екі ел Президенттерінің достық пен сенімге негізделген тығыз қарым-қатынасы саяси және экономикалық салалармен қатар, мәдени-гуманитарлық байланыстарға да тың серпін беріп келетінін атап өтті.
«Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әке туралы ой-толғау» атты терең мағыналы еңбегінің қырғыз тіліндегі таныстырылымы – екі ел арасындағы әдеби байланыстарды жаңа белеске көтеретін мәні зор қадам. Туындының қазақ тілінен қырғыз тіліне аударылуы – біздің ортақ тарихи-мәдени кеңістігіміздің табиғи жалғасы және рухани сабақтастығымыздың көрінісі. Бұл кітаптың оқырманға қуат, тәрбие, ой және жүрек жылуын сыйлайтынына сенім білдіремін», – деді министр.
Бұл кітап ғұмыры жиырмасыншы ғасырдың барлық ауыртпалығын арқалаған барша қазақтың тағдырымен астасып жат халқымыздың көрнекті жазушысы Кемел Тоқаев жайында. Майдан жылдарының қасіреті, соғыстан кейінгі жаңару кезеңі, адамдық пен адалдық туралы түсінік – осының бәрі кітапта шынайы бейнеленеді.


«Бұл кітап қырғыз және қазақ халықтарының достығын нығайтуда зор маңызға ие. Қазақ тілінен қырғыз тіліне аударылып, қырғыз оқырмандарына ұсынылуы — екі ел арасындағы рухани байланыстың белгісі. Бұл – халықтарымыздың мәдени бірлігі мен бауырластығының айқын дәлелі», – деді Аскаралы Мадаминов.
Тұсаукесерге жиналған көпшілікке Президент кітабының желісі бойынша түсірілген «Бауыр» атты деректі фильм көрсетілді. Айта кетейік, «Әке туралы ой-толғау» кітабы румын, араб, моңғол, түрік және қырғыз тілдеріне аударылды.

JQ-Aqparat

Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

28 қараша, 11:14
"Таза Қазақстан": Алматыда экологиялық жұмыстардың аралық қорытындысы шығарылды
26 қараша, 18:40
Алматыдағы зообақты кең көлемде жаңғырту жоспарланып отыр
26 қараша, 14:07
Алматыдағы ауыз су сапасы барлық санитарлық талаптарға сай
25 қараша, 18:30
«Таза Қазақстан»: Алматының Жетісу ауданында Сейфуллин–Жансүгіров жолайырығын көгалдандыру жалғасып жатыр
18 қараша, 15:39
Түрксіб ауданы Алматының «жасыл-желегі жайқалған қала» мәртебесін нығайтып жатыр: 772 мыңнан астам ағаш егіліп, көшелер көгалданды
18 қараша, 15:30
Алматының Түрксіб ауданы осы маусымдағы ең ауқымды абаттандыру жұмысын аяқтап, тұрғындар таңдаған 32 жобаны жүзеге асырды
14 қараша, 18:02
Жасыл желек пен жарық — Алматыда Торайғыров көшесінде ауқымды жаңарту жұмыстары аяқталды
14 қараша, 17:40
Алматыда мектептің сыйымдылығы 300 оқушыға дейін ұлғайтылады
14 қараша, 17:37
"Таза Қазақстан": Алматыда «Қағаз boom» экологиялық акциясы өтті