Қыран Талапбек: Бүгін таңның атысымен полицияға шақырды

04 тамыз 2023, 11:30

Танымал мобилограф Қыран Талапбек озат шәкірт тәрбиелегені үшін Ішкі істер министрлігінің медалімен марапатталды. Бұл туралы мобилограф әлеуметтік желіде мәлім етті.

Қыранның айтуынша, мобилография курсын оқыған шәкірті Ішкі істер министрлігінде қызмет етеді екен.
“Бүгін таңның атысымен мені полицияға шақырды. “Не жағдай?” деп түсінбей барсам, одан да бетер таңғалдым. Маған Ішкі істер министрлігінен медаль берді. Ешқадай суға батқан адамды құтқармап едім, қыздың сөмкесін ұрлаған ұрыны ұстамап едім. Сөйтсем бәрінің сыры мынада екен. Қысқасы, Қайсар есімді жігіт 2020 жылдан бері мобилография курсын өткен. Менің оқушым. Қайсар қазір өзінің мобилограф шеберлігінің арқасында Ішкі істер министрлігіне үлкен үлес қосып, керемет контент жасап жүр. Шәкіртім полиция мобилографы. Осыдан екі-үш жыл бұрын “Барлық жерде бір-бір мобилограф болады” деп айтып едім. Ал маған бұл медальді Қайсардай мықты әрі нәтижелі шәкірт тәрбиелеп шыққаным үшін берілді. Құрметі үшін рахмет! Түрім медаль тағатын адамға ұқсамаса да, медальмен түрім осындай”, – дейді Қыран Талапбек.

JQ-Aqparat

Бүгін, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
Бүгін, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады