Құралай ханым: Ауылда сиыр сауып жүрер ме едім…

18 тамыз 2023, 12:42

 

Қыз-келіншектерге психологияны дәріптеп жүрген Құралай Ошақбаева күйеуі жайлы жан сырын ақтарды. Құралай ханым лақап есімімен танымал психолог отандық бағдарламада отбасындағы жайсыз сәттерін еске алды.

«Ер адам 30 жасқа келгенде «Шай қой» дейді екен. Қырық жасқа келгенде, «Шай ішеміз бе» дейді екен. Ал елуге келгенде «Шай қойып қойдым, жүр ішейік» дейді екен. Сол сияқты менің азаматым да елуге келді, оның үстіне алты баламыз бар. Сосын ол да көп оқиды. Әйелі Құралай еместер де оқып, дамып жатыр. Елдің бәрі қазір тыпырлап бірнәрсе іздеп жүр», — деді Құралай ханым. Сонымен қатар бағдарлама жүргізушісі Құралай ханымнан «Неше мәрте көзіңізге шөп салды?», — деп сұрады. «Жаңадан үйленген жылдары болды. Негізі менің психологияға келуіме отбасыдағы жағдайлар әсер етті. Содан кейін мен көп ізденіп, оқып, психологқа бардым. Сайттар болатын, сол жерден оқыдым. Сөйтіп, отбасымызды бір жүйеге келтіріп алдық. Қазір бетіне баспаймын. Ол жағдайға алғысым шексіз. Егер ол жағдай болмаса, мен әлі ауылда сиыр сауып отырар едім», — деді Құралай ханым.

JQ-Aqparat

07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз