jasqazaq.kz

Қымызды алғаш зерттеген қазақ

29 қараша 2017, 17:58

Әміре Айтбақин – қымызды алғаш зерттеген қазақ.

Ол 1896 жылы Томск император университетінде ұлттық сусынның емдік қасиеті туралы ғылыми еңбегін қорғаған. Мұны растайтын құжаттар жақында көршілес елдің мұрағатынан табылды, деп жазады Хабар телеарнасы.
Әміре Айтбақин сол кезде лауазымды қызмет атқарғанына қарамастан, 30 жасында дәрігер мамандығын игеруге бет бұрады. Осылайша Томск университетінің студенті атанып, оны үздік бітірген. Бұдан соң елге оралып, Қарқаралы уезінде ұзақ жылдар бойы дәрігер болып еңбек етеді. Сондықтан Әміре Айтбақинді көпшілік білімі, дипломы бар қазақтан шыққан тұңғыш дәрігер деп те таниды. Қазір осыны дәлелдейтін құнды құжаттар Қарқаралы аудандық мұрағатында сақтаулы.
Манарбек Кәрім, Қарқаралы аудандық мемлекеттік мұрағатының басшысы:
— Бұл – «Қазақтың қымызының патентін кім алып қойды?» деген үлкен сұраққа жауап. Қымыздың құрамын зерттеп, ол туралы 1896 жылы кітабын шығарған – Әміре Айтбақин. Сондықтан басқа елдің қымызды меншіктеуге ешқандай құқы жоқ деп ойлаймын.

10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады
05 тамыз, 12:34
Бала жанын түсіну – рухани жауапкершілік
31 шiлде, 15:56
Тайланд-Камбоджа: Шиеленіс қалай шешілді?
31 шiлде, 15:21
2,7 млн жайылым жер мемлекетке қайтарылды: жұмыс жалғасады
31 шiлде, 15:00
Айгүл Жамалбекова: Мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай шектеу жоқ
31 шiлде, 14:48
Қолжетімді баспана – мемлекеттік тұрғын үй саясатының басым бағыты
31 шiлде, 12:19
Жетісайда мүмкіндігі шектеулі жандардың өтініші басты назарда