Қымбат Әбілдақызы: Қарақатты мен туған жоқпын

31 қазан 2023, 12:55


«Айгөлек» журналының бас редакторы Қымбат Әбілдақызы отандық бағдарламаға сұхбат берген кезінде отбасындағы құпияның бетін ашып, ел білмейтін сырды ақтарды.
Отбасында 10 баланың үлкені мен болдым. Артымнан ерген бауырларын арқалап баққанын айтты. Халық арасында Қарақаттың “шешесі” – Қымбат екен деген өсек бар. 1978 жылы төртінші жыл оқуға түсе алмай, өзіме де, қоғамға да өкпелеп соңғы пойызбен Жаңаарқаға кетіп қалдым. Үйге барсам шешем қыз туыпты. «Сенің қолғанатың осы қыз болады, шайыңды дайындап, киімдеріңді үтіктейді. Өзің тәрбиеле» деп бере салды. Сол күннен бастап, тікелей менің жауапкершілігімдегі бала болды. Кішкентайынан үлкен қалаға әкеліп, оқыттым. Тұрмысқа шығатын кезде қолымнан ұзаттым. Қазір елдің қызы болуына менің тікелей ықпалым бар. Біз өскен отбасы өте дәулетті болса да, тәрбие қатал болды. Жоқшылық көрмесек те, дүниеге мастанбадық. Қарақат туған жылы оқуға түсе алмай жүрсем де, ауылдағы мектепте сабақ беріп жүрмін. Алақандай ғана ауылда оң босағада отырып бала тапсам, әкемнің беделі түседі ғой. Ол қыз кішкентайынан алғыр болды. Қалада жүріп Қарақаттың өзіне хат жазамын. Үй-ішін, мал-жан сұраймын. Мен барғанша мына кітаптарды оқып, ертегі құрастыр, өтірік өлең жатта деп тапсырмалар беремін. Қысқы демалысқа барғанда тап-тұйнақтай етіп орындап қояды. Қалаға алып келгенде ұлым Мереймен қатар тәрбиеледім. Екеуінің жас айырмашылығы әжептеуір болса да, бірге кітап оқып, сабаққа бірге дайындалатын”, – дейді.

JQ-Aqparat

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу