jasqazaq.kz

Құлдыққа қарсы алғашқы көтеріліске — 234 жыл!

23 тамыз 2025, 19:58

Бүгін ғасырлар бойы жалғасқан құлдыққа қарсы алғашқы көтеріліс басталған күн. 1791 жылы Кариб теңізіндегі Санта Доминго аралында қанаушыларға қарсы шыққандар езгілік қамытынан құтылу үшін қолына қару алды.
Тұрғылықты мекенінен күштеп әкетіп, құлдыққа салған Батыс отаршыларына қарсы жүргізілген азаттық күресі 5 жылдан соң жеңіспен аяқталды.
Тарихқа “Гаити қозғалысы” деген атпен енген осы кезеңде көтерілісшілер дербес мемлекет құрып қана қоймай, күллі әлемде құлдыққа қарсы наразылықтың қайнар бастауына айналды.
1998 жылы ЮНЕСКО ұйымы 23 тамызды халықаралық “Құл саудасы құрбандарын еске алу және құлдықтың жойылуы күні” деп белгіледі.
Тарихи деректер Африкадағы 25-30 млн бейбақтың Атлант және Үнді мұхиттары арқылы Еуропаға шынжырмен маталып әкетілгенін баяндайды. Құл саудагерлері содан кейін қара нәсілділерді Америкаға жеткізген.
JQ-Aqparat

Сурет: aa.com.tr

Бүгін, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр