Қостанай тұрғыны әскерилер жайлы фейк видео таратқан

20 қыркүйек 2023, 14:32

Қостанай облысының шекарасындағы қақтығыс туралы жалған видеоның авторы табылды, деп хабарлайды жергілікті ПД баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде Қостанай облысының шекарасындағы әскери қызметшілер қақтығысы туралы әскери көлік колоннасының видеосы тарады.

Белгілі болғандай, бұл видео фейк болып шықты.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Қостанай қаласының 52 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ол қасақана әрекет жасағаны үшін кінәсін мойындады.

Ер адам Қостанайда өтіп бара жатқан әскери техника колоннасын көріп, видеоға түсіргенін және бұл жағдай шекарада болып жатқанын айтады.

Ол бұл видеоны туыстарының WhatsApp мессенджеріне жіберген.

Осы факті бойынша ҚР ҚК 274-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полиция жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік бар екенін және азаматтарды мәлімет таратпас бұрын олардың дұрыс-бұрыстығын тексеруге шақырады.

JQ-Aqparat

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді