Қошқар ата өзенінің жағалауы озық үлгіде абаттандырылуда

31 шiлде 2023, 9:57

Қазір қала тұрғындарының сүйікті орындарының бірі — Қошқар ата өзенінің жағалауы абаттандырылып жатыр. Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов 1,8 шақырымды құрайтын аумақта атқарылып жатқан абаттандыру жұмыстарын тексерді.

Шымкент қаласын қақ жарып өтетін Қошқар ата өзенінің жағалауын абаттандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Жаңа жоспарға сәйкес, өзен жағалауы заманауи әдіспен көркейту жұмыстары жүргізілмек. Бүгінде жауапты мамандар осы бағытта жұмыс істеп жатыр.

Нысан құрылысын «Стронг Сервис» ЖШС мердігер мекемесі жүргізіп жатыр. Жобаға сәйкес абаттандыру аймағында қоршаулар озық үлгіде жаңаланып, күркелер мен әткеншектер және балалар ойын алаңшалары салынады. Осылайша демалушыларға заманауи талапқа сай қолайлы жағдайлар жасалады. Мұрат Дүйсенбекұлы аумақтағы жарықтандыру жүйелерін демалушылар үшін ыңғайлы етіп, қоқыс жәшіктерін ұлғайту қажеттігін ескертті. Тұрғындарға қосымша бассейн орнату бойынша тапсырма берді. Абаттандыру жұмыстары өндірістік кестеге сай биыл қазан айында аяқталады.

Суының емдік қасиеті мол Қошқар ата өзеніне шомылып, жағалауында серуендейтін тұрғындар бүгінде аз емес. Қала әкімдігі тарапынан қолға алынып жатқан қазіргі өзгерістердің басты себебі – өзен аумағын халыққа барынша ыңғайлы демалыс орны ретінде дамыту.

Бұған дейінгі жоспар негізінде мұнда жұмыс екі кезеңге бөлінген. Оның біріншісі бұлақ басынан Ордабасы алаңына дейін 700 метр және алаңнан Ә.Жангелдин көшесіне дейінгі 1800 метрлік бөлігін қамтитын жұмыстар. Көркейту жұмыстары кестеге сәйкес абаттандырылып, халықтың сүйікті демалыс орнына айналды. Бұл аралықта өзен жағалауы 10 метрге дейін ашылып, бірқатар заңсыз нысандар бұзылған еді. Сонымен қатар, онда 4 мың шаршы метр жаяу жүргінші жолы төселіп, 4 өткел салынған. Енді қала басшылығы өзен жағалауын абаттандыру барысына бірқатар өзгерістер енгізбек. Жаңа жоспар бойынша өзен жағалауы 30 метрге дейін ашылады.

Мерей Әлімбек

08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады