Қоршаған ортаны қорғауды әркім өзінен бастауы керек

31 қазан 2023, 16:19

Жасыратыны жоқ, соңғы жылдары қоршаған орта тым нашарлап кетті. Автокөліктің көптігі, өндіріс ошақтарынан таралатын зиянды қалдықтар қоршаған ортаны ластап-ақ жатыр. Біздің елімізде ғана емес, бүкіл жер бетінде. Сондықтан табиғатты қорғап, аялау — күллі адамзаттың алдына қойылған міндет. Ал экологияны жақсартуға әр адам титтей болса да үлесін қоса алады.

Меніңше, бұл мәселеде жалаң ұранның пайдасы жоқ. «Өзің қандай болсаң, айналаң да сондай». Әркім өзінен бастауы керек.
Мәселен, қарапайым бөлменің жарығын айтайын. Кейде біз бөлмедегі шамды өшірмей, сыртқа шығып кетеміз. Енді ойланып қарайық, бір шамды өшірмеу электр энергиясын артық тұтынуға алып келеді. Сондай ысырапқа жол берген кезде жер бетінде жарықсыз өмір сүріп жатқан адамдардың барын ойлаңыз. Бұл тек жарыққа ғана емес, суға да, газға да қатысты.

Қоқыс мәселесін алып қарайық. Қала маңайында қоқыс тастайтын үлкен полигон бар. Енді сол қоқыстың өзіміз тыныстайтын ауаға улы газ таратып, топырақты ластап жатқанын ойланайықшы! Демек үйден қоқысты шығарарда оны іріктеу керек екенін ұмытпайық. Шыныларды бөлек, қағаздарды бөлек, тамақ қалдығын бөлек дегендей.

Сондай-ақ оқу немесе жұмыс барысында қағазды үнемді пайдалануға дағдылануымыз керек. Пайдаланған соң жарамсыз болып қалған парақты қоқысқа тастамай, макулатураға өткізсе болады. Полиэтилен пакет қолданудан мүлде бас тартқан дұрыс. Оның орнына қағаз пакетті немесе матадан тігілген дорба әлдеқайда зиянсыз.

Пластикалық ыдыстан да бас тартуымыз керек. Өйткені пластик заттарды қайта өңдеу барысында ауаға зиянды заттар қатты бөлінеді. Оның үстіне пластик жүз жылға дейін шірімейді, құрымайды. Қазір мұхитта да, құзда да пластиктің ізі табылып жатыр.
Қысқасы, жүрген жерімізде қоқыс тастамай, ластамай, қоршаған ортаны қорғауға үлесімізді қосайық!

Аяла Әнуарова,
Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің 2-курс студенті

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу