jasqazaq.kz

Қорғаныс министрлігі әскерде психологиялық тексеру басталатынын мәлімдеді (Видео)

28 қантар, 14:08

Жыл басынан бері Қарулы Күштерде орын алған әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты Қорғаныс министрлігінің басшылығы марқұмдардың отбасыларына, туған-туыстары мен жақындарына шынайы көңіл айтты, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабековтің мәлімдеуінше, ведомство бұл оқиғаларды ерекше ауыр трагедия ретінде қабылдаған.
Ендігі әскери бөлімдерде тәрбие жұмысы мен әскери тәртіпке бақылау күшейтілмек. Қару-жарақты пайдалану, атыс жаттығулары, сабақтар мен қызметтік тапсырмаларды орындау кезінде жарғылық талаптар мен қауіпсіздік ережелерін сақтау қатаңдатылады.
Сонымен қатар, Қарулы Күштердің барлық әскери бөлімдеріне жеке құрамды кешенді психологиялық тексеруден өткізу үшін арнайы комиссиялар жіберіледі. Әскери қызметшілердің психикалық жай-күйі, сондай-ақ олардың қызметтік міндеттерді орындауға психологиялық дайындық деңгейі қайта бағалануда.

Сондай-ақ Жамбыл облысында болған қайғылы оқиғадан кейін қабылданған шешімдерімен бөлісті.
“Орын алған барлық оқиғалар бойынша нақты кадрлық және тәртіптік шешімдер қабылданды. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы, штаб бастығы және қолбасшының тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Әскери қызметші қаза тапқан әскери бөлімнің командирі, оның орынбасары, сондай-ақ батальон командирі атқарып отырған лауазымдарынан босатылды”- деді Асқар Мұстабеков.

Бүгін, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
Бүгін, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді - вице-министр
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге