Қоқысты жөнсіз төгетіндерге қомақты айыппұл салынады

26 қыркүйек 2023, 13:55

Елімізде рұқсат етілмеген жерге қоқыс тастағаны үшін салынатын әкімшілік айыппұл өсуі мүмкін. Премьер-Министр Әлихан Смайылов жауапты министрліктерге тапсырма берді.

Үкімет басшысы жергілікті атқарушы органдарға 1 қарашаға дейін Коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламаларын бекітуді тапсырды. Бұған қоса, әкімдіктер жыл соңына дейін рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін 2 есеге қысқартуы керек.

«Экология министрлігі Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, рұқсат етілмеген жерлерде қоқыс тастағаны үшін әкімшілік жауапкершілікті күшейту үшін заңнамалық түзетулер енгізсін. Әкімшілік айыппұлдарды ұлғайту қажет, заң бұзу фактілері қайталанса, соған сәйкес салынатын айыппұл мөлшері де өсуі керек. Сондай-ақ, Экология министрлігі қалдықтарды бөліп жинауды, оларды утилизациялау мен қайта өңдеуді енгізудің халықаралық тәжірибесін зерделеп, қолданыстағы заңнамаға түзетулер әзірлеуі қажет», — деді Әлихан Смайылов Үкімет отырысында.

Премьер-Министр қалдықтарды жоюдың қазіргі жүйесі, оның ішінде тариф мәселесі еш сын көтермейтінін айтып, жыл соңына дейін жаңа тәсілдерді әзірлеуді тапсырды.

«Экология министрлігі әкімдіктермен бірге 1 желтоқсанға дейін еуропалық озық тәжірибені ескеріп, қалдықтарды жойып, қайта өңдейтін жаңа зауыттар салу бойынша сыныстар әзірлеуі тиіс. Ол үшін тиісті заңнамалық база бар. Мәселен, Швеция, Франция, Жапония сияқты әлемнің кейбір елдерінде зауыттар үлкен жерді алып отырған жоқ, онда түтін мен иіс шығармайтын технологиялар қолданылады. Экология, Оқу-ағарту, Ғылым министрліктері жыл соңына дейін қоқыспен жұмыс істеу мәдениеті мәселелерін әзірлеп, оны балабақшадан бастап университетке дейін оқу бағдарламаларына енгізуі керек. Қалдықтарды бөліп жинау мен қайта өңдеу іс-әрекетіміз бен мінез-құлқымыздың маңызды бөлігіне айналуы қажет», — деді Әлихан Смайылов.

JQ-Aqparat

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді