Қоқысты полигонға апарғаннан айыппұл төлеген тиімді болып тұр

26 қыркүйек 2023, 12:24
zhaikpress.kz

zhaikpress.kz

Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында стихиялық қоқыстарды жою шаралары талқыланды.

Үкімет басшысы атап өткендей, қалдықтардың жинақталуы мен стихиялық қоқыстардың пайда болуы өзекті экологиялық проблемалардың біріне айналып отыр.

Жағдайды жақсарту үшін әлемнің көптеген елдері қалдықтарды қайта өңдеп, кәдеге жарату жұмыстарын жүргізіп келеді.
«Тиісті инфрақұрылым жасалып, халықтың қалдықтармен жұмыс істеу мәдениеті қалыптасқан. Бұл Еуропа елдеріне қалдықтарды өңдеу көрсеткішін 50 пайызға жеткізуге мүмкіндік берді. Бүгінде Швеция тұрмыстық қалдықтардың 99 пайызын қайта өңдеп, пайдаға жаратып отыр. Жыл сайын Қазақстанда 4,5 млн тоннадан астам қатты тұрмыстық қалдықтар пайда болады», — деді Әлихан Смайылов.

Премьер-Министр қалдықтарды басқару саласында атқарылып жатқан шаралар жеткіліксіз екенін атап өтті.
Ол қазіргі заманғы қоқыс өңдеу зауыттарын іске қосу жоспарлары әлі іске асырылмағанын және ауылдардағы жағдай бұдан да күрделі екенін айтты.

«Осы жылдың наурыз – қыркүйек аралығында ғана 5,5 мың рұқсат етілмеген жерлердегі қоқыс орындары табылды. Бұл ретте, әкімшілік айыппұл салу жағдайды жақсартпай отыр. Қоқысты полигонға апарып тастағаннан гөрі, айыппұл төлей салған тиімді болып тұр. Мұндай тәсілді өзгерту керек. Қалдықтармен жұмыс істеудің және оны кәдеге жаратудың нақты жүйесін қалыптастыру қажет», — деп атап өтті Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысы 1 қарашаға дейін өңірлерде Коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламасын бекіту қажеттігін және жыл соңына дейін рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің санын 2 есеге қысқартуды талап етті.
Ол сондай-ақ еуропалық озық тәжірибені ескере отырып, қалдықтарды жойып, қайта өңдейтін жаңа зауыттар салу бойынша ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.

«Швеция, Франция, Жапония сияқты әлемнің кейбір елдерінде зауыттар үлкен жерді алып отырған жоқ, онда түтін мен иіс шығармайтын технологиялар қолданылады. Соның арқасында түтін де, иіс те болмайды», — деп атап өтті Әлихан Смайылов.

JQ-Aqparat

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді