jasqazaq.kz

Қоғамдық көлік, көгалдандыру және абаттандыру: Астана алдағы 10 жылда қалай өзгереді?

16 шiлде, 18:48

Астанада қала әкімі Жеңіс Қасымбектің, Индустрия және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевтың, өңірлік әкімдіктер мен урбанистика саласындағы халықаралық сарапшылардың қатысуымен семинар-кездесу өтті. Жиында елорданың әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері сараланып, 2035 жылға дейінгі негізгі даму бағыттары белгіленді, хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Іс-шара Мемлекет басшысының тапсырмасы мен «Таза Қазақстан» атты ірі экологиялық бастама аясында ұйымдастырылды.
Қала әкімі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, Астана тұрғындарының саны 1,5 миллион адамға жетіп, жыл сайын шамамен 7 пайызға өсіп келеді. Осыған орай қаланың жаңа Бас жоспары қабылданды. Онда халық саны 2,3-2,5 миллион адамға дейін артады деп болжанған. Сондай-ақ, ескі тұрғын үйлерді жаңарту бағдарламасы талқыланды. 2030 жылға дейін 206 апатты үйдің тұрғындары жаңа баспанаға көшіріледі. Қаланың құрылыс саясаты әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға, абаттандыруға және жасыл аймақтар құруға басымдық береді.
Қала әкімінің айтуынша, барлық жұмыс «адамдарға арналған қала» қағидатына негізделіп отыр. Яғни, басты назар тұрғындардың өмір сүру сапасына, қолжетімді әрі ыңғайлы орта қалыптастыруға аударылған. Инженерлік инфрақұрылым алдан ала жоспарланып, даму қарқыны тұрғындар қажеттіліктерінен озық жүруі тиіс.
Астанада көлік жүйесін дамыту да басты бағыттардың бірі саналады. Қоғамдық көліктің үлесін қазіргі 41 пайыздан 71 пайызға дейін арттыру көзделіп отыр. Бұл ретте автобус паркі жаңартылып, жаңа жолайрықтар салынады. Сонымен қатар, LRT жобасын іске асыру жалғасуда. Алғашқы желінің сынақ режимінде іске қосылуы биылғы қыркүйекке жоспарланған.
Экология және көгалдандыру мәселесі де ерекше назарда. Соңғы үш жыл ішінде Астанада 2,5 миллионнан астам ағаш отырғызылды. Қалада көгалдандыру ережелері қабылданып, ағаштарды цифрландыру жүйесі енгізілді. Қоғамдық кеңістіктер мен көшелерді абаттандыру, жағалауларды көркейту жұмысы жүргізілуде. Кіші Талдыкөл аумағында экопарк салынып жатыр, сондай-ақ Green Line жаяу жүргіншілер жолы мен Damu паркі қолға алынған.
Елордада креативті индустрия мен оқиғалы туризм де дамып келеді. Қалада халықаралық мәдени және спорттық іс-шаралар жиі өтеді. Биыл Астанада әлемдік жұлдыздардың концерттері де жоспарланған.

Семинар соңында қала әкімі Астананың алдағы дамуы қалалық қызметтердің толықтай үйлесімді жұмысы мен халықаралық үздік тәжірибелерді енгізуге байланысты екенін атап өтті.
JQ-Aqparat

Сурет: Астана әкімінің баспасөз қызметі

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті