jasqazaq.kz

ҚМА «Mellstroy» атымен танымал блогерге қатысты тергеуді бастады

17 қараша 2025, 9:56

Астана қаласы бойынша ҚМА департаменті Беларусь Республикасының азаматы, «Mellstroy» лақап атымен танымал блогер Бурим Андрейді халықаралық іздеуге жариялады, леп хабарлайды jasqazaq.kz.

Сот Буримға қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Ол әлеуметтік желілер арқылы Қазақстан пайдаланушыларын да нысанаға алған онлайн-казино «Mellstroy.game» платформасын заңсыз ілгерілету мақсатында ауқымды жарнамалық науқан ұйымдастырды деген күдікке ілінуде.

Онлайн-казиноны жарнамалау үшін блогер әртүрлі ұтыс ойындары мен челлендждерді жариялаған. Қатысушыларға TikTok, YouTube Shorts және басқа да әлеуметтік желілерде Mellstroy.game атауын, казино логотиптерін және сайт сілтемелерін көрсететін видеолар түсіру ұсынылған, — делінген хабарладамада.

Бұған дейін Бурим Ресей Федерациясында тікелей эфир кезінде адамды ұрып-соққаны үшін жауапкершілікке тартылған.

Сонымен қатар, 2025 жылдың қараша айында Беларусь Республикасының Минск қалалық соты блогердің барлық платформалардағы арналары мен оның логотиптерін экстремистік материалдар деп таныды.

Қазақстан Республикасының заңнамасында құмар ойындарды жарнамалағаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар, заңсыз ойын бизнесіне сыбайлас болу және жәрдемдесу фактілері үшін қылмыстық жауапкершілік те көзделгенін атап өтеміз.

Осыған байланысты Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды заңсыз ойын бизнесін кез келген түрде жарнамалауға немесе оны ілгерілетуге қатысудың жол берілмейтіні туралы ескертеді.

Күмән тудыратын жарнамалық ұсыныстар түскен жағдайда бұл туралы дереу «АФМ Insider» Telegram-ботына хабарлауыңызды сұраймыз.

Сурет:  instagram.com/mellstroy
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді