jasqazaq.kz

ҚМА «ҚазМұнайГаздың» атын жамылған қаржы пирамидасының заңсыз қызметін тоқтатты

17 шiлде 2025, 10:12

Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының акцияларын сатып алу арқылы мол және жылдам табыс табуға уәде берген, деп хабарлайды jasqazaq.kz. ҚМА мәліметінше, күдіктілер салымшыларға әр 15 күн сайын 50% кіріс түсетінін айтып, алдаған.
Бірақ іс жүзінде бағалы қағаздар сатып алынбаған. Төлем жаңадан тартылған қатысушылардың қаражаты есебінен жүзеге асырылған.
Бастапқы салым сомасы 500 мың теңгеден басталған.
Сөйтіп шамамен 200 азамат қаржы пирамидасының құрбанына айналып, жалпы сомасы 1 млрд теңгеден астам қаржысынан айрылған.
Заңсыз жолмен алынған кірістерге күдіктілер Түркістан облысында жалпы құны 438 млн теңгеден асатын мүлік — екі қымбат көлік («Tank 500», «BMW X5»), тұрғын үй және коммерциялық нысан (мейрамхана) сатып алған. Бұл мүліктер тәркілеуден жасыру мақсатында туыстарының атына рәсімделген.
Сот санкциясымен аталған мүлікке тыйым салынды. Күдіктілер қамауға алынды.
Тергеу жүріп жатыр.
JQ-Aqparat
Сурет: fingramota.kz

20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді