jasqazaq.kz

ҚМА АҚШ пен Украина азаматтарына іздеу жариялады

02 ақпан, 10:59

Қаржылық мониторинг агенттігі АҚШ пен Украина азаматтарына іздеу жариялады, деп хабарлайды jasqazaq.kz ҚМА-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.➡️

Дмитры Дружинскы, 1970 жылғы 27 маусымда туған, Америка Құрама Штаттарының азаматы➡️

Марина Левкович (Гинзбург), 1985 жылғы 8 қарашада туған, Украина азаматы.

Соттың санкциясымен аталған тұлғаларға қатысты сырттай «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Олар Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды деген күдікке ілінді.

Тергеу барысында «PIN-UP» және «PINCO» брендтерімен жұмыс істеген онлайн-казино қызметін шетелден әрекет еткен, байланысы бар компаниялар желісі арқылы ұйымдастырған адамдар тобы басқарғаны анықталды.

«Д.Дружинскы мен М.Левкович координаторлық функцияларды атқарып, сыбайластарды іріктеумен, төлем ұйымдары мен екінші деңгейлі банктер өкілдерімен өзара әрекеттесумен, сондай-ақ ақша қабылдау мен шығару процесін қамтамасыз еткен төлем инфрақұрылымын құру және оның жұмыс істеуіне қатысқан. Заңсыз қызметті бүркемелеу мақсатында «PIN-UP.KZ» брендімен букмекерлік қызметті жүзеге асыруға мемлекеттік лицензия алған «Бонами» ЖШС заңды тұлғасы құрылған. Қаржылық сүйемелдеу үшін онлайн-казиноның төлем агрегаторлары функцияларын атқарған «Gold Pay» ЖШС және «Cyber Pay» ЖШС (кейіннен — «Pinnacle Financial Solutions» ЖШС) қоса алғанда, төлем ұйымдарының желісі тіркелді», — делінген хабарламада.

Онлайн-казино клиенттерінен түскен қаражат транзиттік шоттарда жинақталып, кейін электрондық ақша операцияларына лицензиясы бар байланысы компаниялар арқылы криптовалютаға айырбасталған.

Егер іздеуде жүрген тұлғалардың орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат белгілі болса, Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігіне төмендегі телефондар арқылы хабарлауыңызды сұраймыз: 📞 +7 7172 70 84 78 — кезекші бөлім

18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады