Қазыбек Құрайыш: Ақшаң жоқ болса, кино түсірмей-ақ қойыңдаршы…

15 қараша 2023, 11:02

Актриса Дариға Бадықова жаңа киносына саундтрек бермеген әншілерге ренжігенін айтқан болатын. “Таптым-ау, сені” әнінің орындаушысы Қазыбек Құрайыш әлеуметтік желіде актрисаға жауап берді.

“Жазбай-ақ қояйын деп едім, қоймадыңыздар. Алғашында бұл кісілерге ренжігенім рас. Мен ешкімнен ешқашан әндерімді қызғанған емеспін. Оны кино саласында жүргендердің бәрі білетін шығар. Әндерім барлық фильмдерге тегін кетеді. Жобамен онға жуық фильмде әндерімнен үзінді бар, біреуінен де ақша сұраған емеспін – бұл бір. Екіншісі – мен бұл кісілерге продюсер-спонсор болған үлкен апайымызға: «Мейлі, әнді ала беріңіздер, қарсы емеспін. Ақшаның да керегі жоқ» деп айтқанмын негізі. Енді неге қоспағанын және бағдарламаға келіп, неге осылай айтып отырғанын түсінбедім. Ал, жалпы, мен әндерімді ешкімге де беруге міндетті емеспін”, – дейді әнші.

Сондай-ақ ақшасы аз бола тұра кино түсіретін режиссерлерді де сынады.

“Сосын тағы бір айтарым бар. «Мен өз ақшама кино түсіріп жатыр едім. Қаражатымыз жоқ, көмек беріңізші» дейтін болсаңыздар, кино түсірмей-ақ қойыңыздаршы. Мен музыканттарыма барып: «концерттерімді өзім жасап жатыр едім, маған тегін ойнап беріңдерші немесе жарықты тегін қойып, видеоны тегін түсіріп беріңдерші» деп айтқан емеспін. Ол дұрыс емес. Кейбір «доспыз-ау» деген кино түсіріп жүрген азаматтарға мен ұйықтамай отырып, арнайы авторлық әндер жазып беріп те жүрмін. «Рақметіміз бар» деп, жоқ болып кеткендердің атын айтпай-ақ қояйын. Не десеңдер де арым таза. Аман болыңыздар!», – деді Қазыбек Құрайыш.

JQ-Aqparat

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу