jasqazaq.kz

«Қазпоштаның» газет-журналды жеткізу тарифі қымбат, бірақ неге уақытында апармайды?

03 желтоқсан 2025, 13:01

Мәдениет және ақпарат министрлігі «Қазпоштамен» мерзімді басылымдарды жеткізу тарифі бойынша ортақ мәмілеге келмесе, Үкімет деңгейінде талқылауы мүмкін, деп хабарлайды jasqazaq.kz. Бұл туралы министрліктің Мәжіліс депутатының сауалына жолданған жауабында айтылған.

Министрлік жауабында: « 2025 жылғы 10 қарашада өздеріңіздің бастамашылықтарыңызбен «Қазпошта» АҚ, «Атамекен» ҰКП, «Қазақ газеттері» ЖШС, мемлекеттік органдар, өңірлік мерзімді баспасөз басылымдары өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізілді. Өкінішке қарай, кеңесте тарифтерді төмендету туралы келісімге қол жеткізілген жоқ. «Қазпошта» оларды қайта қарау жоспарда жоқ екендігін мәлімдеді», — деп жазылған.
Газет-журналдармен келісімшартта «Қазпоштаның» басым құқықтары сақталған. МББ мүдделері жеткілікті деңгейде қорғалмаған, бұл нарықтағы монополиялық тәуекелдерді күшейтеді. Осыған орай, министрлік келісімшарттарды қайта қарап, тараптардың тең құқықтары мен жауапкершіліктерін бекіту және келісімшартқа міндетті түрде өзгеріс енгізу мүмкіндігін және дауларды қараудың айқын тетігін енгізу қажет деп санайды.
Сондай-ақ министрлік «Қазпоштаны» тариф саясатын өзгертуді көздесе, 3 ай бұрын жария хабарландыруға міндеттеу мәселесін көтермекші.
Өңірлерде баспасөздің уақытылы жеткізілмеуі жүйелі сипат алған. Қолданыстағы заңнама мен келісімшартта «Қазпоштаның» кеш жеткізуіне қатысты арнайы санкциялар немесе нақты жауапкершілік тетігі жоқ. Министрлік жеткізу мерзімі бұзылған жағдайда айыппұл санкцияларын қарастыратын талаптарды енгізу, қажет болған жағдайда әкімшілік жауапкершілікті енгізу арқылы күшейту қажет деп санайды.
Министрлік газет жеткізу тарифіне байланысты қосымша жиын өткізбекші.
Вице-министр Қанат Ысқақов: «Мерзімді баспасөз басылымдарына жүктелген ақпараттық қауіпсіздік пен қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған маңызды рөлді ескере отырып, туындаған мәселелерді жан-жақты талқылау үшін мүдделі тараптардың қатысуымен қосымша жиналыс ұйымдастыру жоспарлануда. Алдағы жиналыс барысында ортақ шешімге келе алмасақ, мәселенің өзектілігін ескере отырып, оны Үкімет деңгейінде қарастыру мүмкіндігін назарға алынады», — деп жазды.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді