jasqazaq.kz

«Қазмедиада» жарылғыш зат бар деп хабарлаған тұрғын айыппұл арқалады

29 қараша 2017, 10:34

Астана қаласының тұрғыны «Қазмедиа орталығы» ғимаратына жарылғыш зат орнатылғандығы жайлы жалған ақпарат таратқаны үшін айыппұл төлейтін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат елордалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 2016 жылдың 10 ақпанында Астана қаласы ІІД-нің жедел басқарма орталығына елордалық тұрғын Қазмедиа ғимаратында күдікті қорап бары туралы хабарлаған. Аталған хабарламаны тексеруге Астана қаласы ІІД күштері мен құралдары жұмылдырылды, алайда тексеріс барысында аталған дерек нақтыланбады.

«Жалған ақпарат бергені үшін азамат 30 АЕК көлемінде айыппұл төлеу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын», — делінген хабарламада.

2017 жылы Қазақстанда АЕК 2 269 теңге көлемінде тағайындалды.

Көшпелі шараларды жүзеге асыру барысында қаржылай шығындар келтірілді, осыған байланысты Астана қаласының Сарыарқа аудандық соты айыпталушыдан ақшалай шығын сомасын талап етті.

Шешім заңдық күшіне енді.

10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады
05 тамыз, 12:34
Бала жанын түсіну – рухани жауапкершілік
31 шiлде, 15:56
Тайланд-Камбоджа: Шиеленіс қалай шешілді?
31 шiлде, 15:21
2,7 млн жайылым жер мемлекетке қайтарылды: жұмыс жалғасады
31 шiлде, 15:00
Айгүл Жамалбекова: Мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай шектеу жоқ
31 шiлде, 14:48
Қолжетімді баспана – мемлекеттік тұрғын үй саясатының басым бағыты
31 шiлде, 12:19
Жетісайда мүмкіндігі шектеулі жандардың өтініші басты назарда