Қажылыққа апарамыз деп алдаған туристік фирманың директоры сотталды

26 қыркүйек 2023, 15:58

Шымкентте тұрғындарды Мекке мен Мединаға қажылыққа апарамыз деп алдап, ақшаларын жымқырған Kausar Trevel туристік фирмасының директоры сотталды, — хабарлайды Оtyrar.kz

Kausar Trevel туристік фирманың директорына жүздеген қазақстандықты алдағаны үшін айып тағылып отыр. Қажылардың әрқайсысы қасиетті жерлерге бару үшін кем дегенде мың доллардан төлеген. Олардың кейбіреулері Қазақстаннан ұшып кете алмаса, басқалары жат мемлекетте баспанасыз, ақшасыз, тамақсыз қалған.

Сотта 300-ге жуық куәгер болды. Зардап шеккендер тағы да болуы мүмкін. Прокурор айыпталушыны 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айыруды сұрады.

«Сот үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді», — деді судья Айнель Орақбаева.

JQ-Aqparat

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді