jasqazaq.kz

Қазақы тазыға арналған кинологиялық іс-шаралар маусымы ашылды

Бүгін, 20:31

14 наурызда Алматы қаласында Қазақстан кинологтар одағы қазақтың ұлттық ит тұқымы — қазақы тазыға арналған кинологиялық іс-шаралар маусымын ашты. Осы күні моно тұқымдық көрме және тұқымдық байқау өтті.
Іс-шара үш барлық тұқымды көрмемен қатар өткізілді, бұл қазақы тазыны кәсіби кинологиялық қауымдастыққа кеңінен таныстыруға, сондай-ақ Беларусь, Ресей және Әзербайжаннан келген халықаралық сарапшыларды тұқыммен және оны сараптау ерекшеліктерімен таныстыруға мүмкіндік берді.
Іс-шараларға 100-ден астам иті тіркелді. Бұл тұқымға деген жоғары қызығушылықты, оның санының артып келе жатқанын және асыл тұқымдық жұмыстың белсенді дамуын көрсетеді.
Моно тұқымдық көрме барысында сарапшылар иттерге бағалау жүргізіп, тұқымның үздік өкілдерін анықтады. Ал тұқымдық байқау иттердің стандартқа сәйкестігін тексеруге, олардың асыл тұқымдық сапаларын бағалауға, сондай-ақ бұрын есепке алынбаған иттерді тіркеуге мүмкіндік берді.

Қазақстан кинологтар одағының президенті Бауыржан Серікқали:
«Тазы баптаушыларі үшін бұл өз иттерін көрсетіп қана қоймай, кәсіби баға алуға, асыл тұқымдық жұмыстың нәтижелерін стандарт талаптарымен салыстыруға және өсірудің алдағы бағыттарын айқындауға мүмкіндік беретін маңызды тәжірибелік алаң. Мұндай іс-шаралар асыл тұқымдық жұмысты жақсартуға, қазақы тазыны дамытуға және насихаттауға, сондай-ақ оны Қазақстанның ұлттық бренді ретінде толыққанды халықаралық деңгейде мойындатуға бағытталған».

Көрме жеңімпаздары:
* Үздік күшік — Сүрік
* Үздік юниор — Табиғат
* Үздік арлан ит — Хан
* Үздік ұрғашы ит — Жұлдыз , сондай-ақ ол көрменің үздік тазысы деп танылды.

Қазақы тазыны сақтау және дамыту жұмысы Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында мемлекеттік органдардың қолдауымен жалғасуда.

Сурет: Қазақстан кинологтар одағы

Бүгін, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді