Тәуелсіздік күніне орай Қазақстан туының бейнесі әлемдегі ең биік ғимарат — Дубайдағы (БАӘ) Бурдж-Халифа мұнарасында пайда болды.
Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшілігі Дубай көшелерінде түсірілген бейнероликті жариялады.
Еске салайық, республикамыздың Тәуелсіздік күні жыл сайын 16 желтоқсанда атап өтіледі. Биыл Қазақстанның егемен ел атанғанына 29 жыл толды.
Бурдж Халифа — биіктігі 828 метр, әлемдегі ең биік және көп қабатты (163 қабат) ғимарат.