ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТРАНЗИТТІК ГАЗ ТАСЫМАЛЫНДАҒЫ ӘЛЕУЕТІ АРТА ТҮСТІ

07 қазан 2023, 20:17

Ресейдің табиғи газы Қазақ елі арқылы Өзбекстанға жеткізіледі

 

Бүгін «Орта Азия – Орталық» магистральді газ құбырымен Ресейден «көгілдір отынды» Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстан аумағына жеткізуді көздейтін жоба іске қосылды. Ресейде өткен салтанатты шараға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге Ресей және Өзбекстан президенттері Владимир Путин мен Шавкат Мирзиеев қатысты. Бұл туралы jasqazaq.kz Ақорданың сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Жиында сөз сөйлеген Қ. Тоқаев тарихи оқиға осы үш мемлекеттің энергетикалық саласындағы ынтымақтастығын мүлде жаңа деңгейге көтеретінін атап өтті. Қазақстан Президенті газ саласының мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуында атқаратын рөліне тоқтала келе, «Бұл жоба барлық қатысушы тараптың мүддесіне сай келеді. Қазақстан өз аумағында магистральді газ құбырын дайындауды уақтылы және толық аяқтады. Жоба Ресей газының экспортқа шығу бағыттарын әртараптандырып, Қазақстанның газ тасымалдау инфрақұрылымын кеңейтуге және жаңғыртуға септігін тигізеді. Сондай-ақ Өзбекстанның жылына 3 миллиард текше метрге дейін жететін және жылдан-жылға артып келе жатқан табиғи газға деген қажеттілігін өтеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар ол елдеріміздің өнеркәсібін дамытуға, бизнес-ахуалды жақсартуға, азаматтардың тұрмыс деңгейін арттыруға тың серпін береді» – деді.


Мемлекет басшысы жоба Орталық Азия аймағындағы тұрақтылық пен энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуда елеулі рөл атқаратынына тоқталды. Қ. Тоқаев бұл ретте Қазақстан өзінің ауқымды транзиттік әлеуетін толық пайдалануға мүдделі екеніне тоқталып, жылына 255 млрд текше метрге дейін газ тасымалдай алатын магистарльді газ құбырының 20 мың Сонымен қатар, еліміздің Ресей газын тасымалдау көлемін арттыруға дайын екеніндігі айтылды.
Айта кеткен жөн, бұрын «Орта Азия –Орталық» құбыр желісімен газ тек оңтүстіктен солтүстікке қарай тасымалданатын.
JQ-NARYQ

Суреттер: Ақорда.кз

 

Бүгін, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді