jasqazaq.kz

Қазақстанның бітімгершілік рөлі: Ереван мен Бакудің жақындасуына қосқан үлесі

22 қазан 2025, 13:11

21 қазанда Тбилисиде өткен V «Жібек жолы» форумында Армения Премьер-министрі Никол Пашинян Армения мен Әзербайжан арасындағы маңызды уағдаластықтар туралы мәлімдеме жасады. Ол Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевтің өз елінің аумағы арқылы Армения бағытындағы транзитке қойылған шектеулерді алып тастау туралы шешімін жоғары бағалады.

«Бұл — аса маңызды мәлімдеме. Мен Әзербайжан Президентіне осы қадамы үшін ризашылығымды білдіремін», — деді Пашинян.

Сонымен қатар, Армения Үкіметінің басшысы бұл келісімге қол жеткізуде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Грузия Премьер-министрінің атқарған маңызды делдалдық рөліне ерекше тоқталып өтті.

«Мен Қазақстан Президентіне және Грузия Премьер-министріне осы келісімді жасауға қосқан үлесі үшін алғысымды білдіремін», — деп атап өтті ол.

Қазақстан бұл ретте өңірлік тұрақтылық пен сенімді диалог орнатудағы беделді бітімгершілік рөлін тағы да дәлелдеді. Елдің сыртқы саясаттағы теңгерімді ұстанымы мен конструктивті бастамалары Оңтүстік Кавказдағы бейбітшілік пен ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етіп келеді.

 

Бүгін, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді