jasqazaq.kz

Қазақстандағы түрмеде кітап оқитындар көбейді (Видео)

25 қантар 2023, 22:49

Солтүстік қазақстандықтар түрмеде жатқан жазасын өтеушілерге жаппай кітап жинап жатыр. Бұл темір тордағылардың өтініші екен. Олар колония кітапханасындағы кітап атаулыны түгел оқып тауысқан. Енді басқа оқулықтар болса дейді. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Жазасын өтеушілердің білімге деген құлшынысын қоғамдық ұйымдар құптап отыр. Бірақ аз уақытта мұнша көп әдебиеттің жиналатынына өздері де сенбепті. Қазір қоқыс сияқты әр үйде ыбырсып жатқан кітаптар жазасын өтеушілер үшін үлкен сыйлыққа айналды. Ерлер ғана емес, әйелдер де түрмеде қазір кітапқа ден қойған. Қазір кез келген колонияда кітапхана бар. Солтүстік Қазақстандағы түрмелерде кітап қоры 30 мыңнан асады. Бірақ әдебиетті сүйгендіктен бе, әлде уақыт өткізудің бір құралы ма, жазасын өтеушілер таңдап жатпайды. Кітапхана сөресіндегі заманауи мазмұны да ескірген, мұқабасы да тоз-тоз болған түрлі классиктердің шығармаларына қарап-ақ, қолдан түспегенін көруге болады.

Жанна Шәкіржанова, СҚО ҚАЖД бөлімше бастығы:

— Арнайы кітап сатып алуға бізге қаржы қарастырылмаған. Сондықтан кітапханадағы кітап қорын көбейте алмаймыз. Жазасын өтеушілердің сұранысына сай жаңа мазмұнды кітаптар керек ақ.

Түрмедегілердің нақты қандай кітап оқығысы келетінін олар анкета толтыртып, зерделеп көрген. Сөйтсе қажеттілік олардың жыныстық өзгешелігіне де байланысты екен. Ерлер көбінесе шытырман оқиғалы детективті ұнатады.

Данияр Рақымов, жазасын өтеуші:

— Сотталғандар расында жазасын өтеп тұрып және де өзінің бос уақытын тек өткізгісі келмейді. Сол себепті кітаптарды тез уақытта оқып, біліп үйренгісі келеді.

Тағы бір жәйт, бостандыққа шыққаннан кейін адам баласы өзінің бір тіршілік қамымен бос уақыты болмайды. Ал әйелдердің әдебиетке деген сұранысы тіпті өзгеше. Олар лирика, сүйіспеншілік тақырыбын сүйіп оқиды. Мұнда білгенін ортаға салып, ой бөлісетін арнайы әдеби клуб та бар.

Әлия Сейілқызы, жазасын өтеуші:

— Өмірімізде қалай, қайтіп қателік жібердік, соны түсінгіміз келеді. Енді тура жолдан таймау үшін осы сауалдарға жауап іздейміз. Біз де отын түтететін отбасымызбен бірге болғымыз келеді. Немере сүйіп, өміріміз мазмұнды өтсе дейміз.

Түрмелерге кітап жинау жалғасып жатыр. Қазірдің өзінде жеткізілген 500 данадан астам әдебиет бірден жазасын өтеушілердің қолына тимейді. Оны мамандар сканерден өткізіп, жан-жақты тексереді. Себебі, кітаппен бірге түрмеге тыйым салынған заттар өтіп кетуі әбден мүмкін.

22 мамыр, 15:35
Түркістан: Шетелдік компаниялар өңірдің экономикалық әлеуетіне көз жеткізді
22 мамыр, 15:05
Түркістан: Жыл басынан бері 196,5 млрд теңге инвестиция тартылды
22 мамыр, 14:16
Алматы облысының тұрғындары «Келешек» жүйесіне қызығушылық танытуда
22 мамыр, 14:06
Түркістан: 216 мың гектарға су үнемдеу технологиясы енгізіледі
21 мамыр, 15:51
 Рухани құндылық: Түркістанда оқушылар «Едіге» жырын жатқа айтты
21 мамыр, 14:46
Ордабек Жәмиев: Қоғамдағы инклюзия – мақсатты шешімдердің нәтижесі
21 мамыр, 12:32
Түркістан: Инклюзивті қоғамдағы шексіз мүмкіндік
20 мамыр, 15:05
Түркістан: Ауыл шаруашылығы - экономикалық өсімнің басты көрсеткіші
20 мамыр, 9:59
Алматыда өндіріс орындары көбейіп келеді