Бекет қашан оңалады?

18 тамыз 2023, 11:11

 

Бәріне ортақ журналистика Jas Qazaq пен Chevron компаниясының бірлескен жобасы Жобаның мақсаты – ерекше жандарды журналистика жанрларын меңгеріп, сауатты жазуға бейімдеу. Қазір журналистикаға құмар жандар компьютерлік сауаттылық, мерзімді баспасөз және тележурналистика бойынша дәріс алып, тәжірибесін шыңдап жатыр.

Курсқа қатысушы Раушан Әділханова «жол азабын жүрген біледі» демекші, еліміздегі пойыздардың қозғалысына қатысты өз ойын жариялады.

Пойызбен жүрудің азабы

Жуырда Өскемен-Алматы пойызымен жол жүру керек болды. Бір сағаттай бұрын Өскемен қаласындағы бекетке келдік. Отыратын орындық түгілі,  тұратын жер жоқ десем, артық айтқандық емес. Сол жерде болғандар мені қолдайтын шығар.

Содан автобустың аялдамасында отыруға тура келді. Ол жерден бекеттің пойыз келетін жеріне жету деген, бір қиямет. Дөңгелегі бар чемоданды сүйреу тіпті қиын. Асфальт деген аты ғана. Төселгеніне кем дегенде 20 жыл болған кедір-бұдыр жерде жаяу адам сүрінеді. Орындық атымен жоқ.
Пойыз келетін жерді көрсеңіз ғой!  Аядай ғана. Екі адам қатар сыймайды. Бекет бізге жөндеуді керек етіп жылап тұрғандай көрінді.

Қазір жаз мезгілінде Алматыға ұшақ билеті елу мың теңгеден кем емес. Сондықтан жолаушы амалсыз арзандау түсетін пойызбен жүруге мәжбүр.
Тағы бір айтатын жәйт. Пойызбен екі арада жүру уақыты — 28 сағат. Алматы-Өскемен мен Алматы — Астана ара қашықтығы бірдей. Екеуі де Алматыдан 1100 шақырым шамасында. Астанадан Алматыға пойыз бір түнде жетеді. Ал Өскеменнен бір тәуліктен артық жүреді. Соны түсінбей-ақ қойдым…
ҚТЖ -ға да осы сауалды қойғым келеді. Ондағылар не айтады екен?

Раушан Әділханова,

курсқа қатысушы

Суреттерді түсірген автор

 

 

 

07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз