jasqazaq.kz

Қазақстанда пранк ұйымдастыруға ресми түрде тыйым салына ма?

20 қараша 2025, 13:05

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бүгінде рұқсатсыз түсірілімдер мен пранктерге қатысты шағымдар көбейгенін айтты.

— Пранктер бар, сондай-ақ адамдардың рұқсатынсыз жүзеге асырылатын кейбір түсірілімдер бар. Сондықтан бұл норманы баршамыз талқылайтын боламыз. Жұмыс тобы енді ғана құрылып жатыр. Егер қаласаңыздар, сіздерді жұмыс тобына қоса аламын. Бұл тұрғыда, кімді түсіруге болатынын немесе түсіруге болмайтыны айқындалады, — деді А. Балаева Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, бүгінде қазақстандықтардан пранктерге қатысты шағымдар да түсіп жатыр.

Сонымен бірге журналистер «мұндай тыйым шенеуніктерді қорғаудың тәсілі емес пе?» деп сұрады.

— Шенеуніктер түсірілімдерге үйреніп алған. Қайда барсақ та, бізді барлық жерде видеоға түсіреді… Сондықтан мәселе нақты шенеуніктер туралы емес, яғни жалпы осы бағытты ретке келтіруге қатысты. Осы орайда талқылау керек. Бұл ретте, жұмыс тобын құрып жатырмыз. Атап айтқанда, журналистерден де, қарапайым азаматтардан келіп түскен өтінімдер мен сұрақтарды талқылаймыз, — деді министр.

inform.kz

16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді