jasqazaq.kz

Қазақстанда мемлекеттік наградаларға ұсыну ережелеріне өзгерістер енгізілді

13 тамыз 2025, 20:22

Қазақстан Республикасы Президентінің өкіміне сәйкес, 1999 жылғы 8 қарашадағы №90 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсыну және оларды тапсыру тәртібі туралы нұсқаулықты, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларына арналған құжаттардың үлгілерін және мемлекеттік наградалар белгілерінің сипаттамасын бекіту туралы» өкімге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл өзгерістер наградтауға кандидаттарды қарау кезінде ашықтықты, объективтілікті және әділдікті қамтамасыз етуге бағытталған. Нұсқаулықтың жаңа редакциясында құжаттарды ресімдеу және кандидаттардың еңбегін бағалау критерийлеріне қатысты негізгі ережелер нақтыланды.
Атап айтқанда, наградтау қағазын ресімдеуге қойылатын талаптар толықтырылды. Онда міндетті түрде еңбек жолы, ел мен халық алдындағы нақты еңбектері, сондай-ақ қылмыстық құқықбұзушылықтар туралы мәліметтер олардың жасалған уақытына қарамастан көрсетілетін болады. Жекелеген жағдайларда ішкі істер органдарынан мінездеме талап етіледі.
Көпбалалы аналарды наградтауға қойылатын талаптар ретке келтірілді. Наградтау тек Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын көпбалалы аналарға беріледі. Наградтау қағазын ресімдеу кезінде көпбалалы ананың өзге мемлекет азаматы болып табылатын балалары паспорттарының куәландырылған көшірмелері және фотосуреттері қоса берілуі керек.
Айта кету керек, нұсқаулыққа сәйкес мемлекеттік наградалардың көшірмелерін (дубликаттарын) дайындау кезінде қымбат бағалы металдар қолданылмайды.
Мемлекеттік наградаларға құқықты қалпына келтіру мүмкіндігі уәкілетті органдардың өтініші бойынша, сот актілерін қоса алғанда, растайтын құжаттар ұсынылған жағдайда қамтамасыз етіледі.
Қабылданған өзгерістер наградтауға ұсыну рәсімін ретке келтіруге және мемлекеттік наградалар институтына деген сенімді арттыруға бағытталған.

JQ-Aqparat

19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр