Синоптиктер Қазақстанда 20-22 қыркүйек күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құрғақ және күн ашық болады, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, түнде әлі салқын, бірақ күн бірте-бірте ауаны жылытып, күндіз бүкіл Қазақстан бойынша ауа температурасы +23-30°С-қа дейін көтеріледі.
«Қазгидромет» РМК:
Тек батыс және оңтүстік-шығыс облыстарда тұрақсыз ауа райы сақталады. Мұнда найзағай ойнап, қысқа мерзімді жаңбыр жаууы мүмкін.