jasqazaq.kz

Қазақстанда 1500 сиырға арналған ірі сүт фермасының құрылысы аяқталды

29 тамыз 2025, 17:15

Orbis Kazakhstan тобына кіретін Orbis Agro холдингі Солтүстік Қазақстан облысы Ғ.Мүсірепов атындағы ауданда 1500 басқа арналған аймақтық деңгейдегі ең ірі сүт-тауарлы фермаларының бірінің құрылысын аяқтады. Жобаның аяқталуына орай нысанға Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов келіп, бұл кәсіпорынның өңірлік қана емес, ұлттық агроөнеркәсіптік кешен үшін де маңыздылығын атап өтті.

Ферма құрылысын Orbis Kazakhstan құрамына кіретін Orbis Construction компаниясы жүзеге асырды. Құрылыс жұмыстарының қызған шағында нысанда 150-ден астам маман және 40-қа жуық техника жұмылдырылды.

Orbis Agro компаниясының бас директоры Нобуюки Аракава жаңа ферманың құны 700 млн теңгеден асатын Westfalia маркалы заманауи сауып-жинау және сүт сақтау жабдықтарымен жабдықталғанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта кәсіпорын соңғы валидация кезеңінен өтіп, өңдірістің іске қосылуына дайындалып жатыр. Алғашқы голштин тұқымды асыл тұқымды сиырлар осы жылдың соңына дейін шетелден әкелінеді. «Карусель» әдісімен жүргізілетін сауын процессі, кешеннің тиімділігін арттырады. Шикізат әріптес компаниялардың сүт өңдеу зауыттарына жөнелтілетін болады.

Жоба Orbis Agro құрамындағы «Буденное-СК» ЖШС базасында «Солтүстік» ӘКК қолдауымен жүзеге асырылды. Жобаға салынған жалпы инвестиция көлемі 8,7 млрд теңгеден асты.

«Өндірістік қуат толық іске қосылғанда, мұнда жылына 11 млн литрден астам шикі сүт өндірілетін болады, — деді «Буденное-СК» ЖШС-нің тең құрылтайшысы Мұстафа Гулиев. — Бұл көрсеткіш бойынша ферма өңірдегі ең ірілердің бірі болмақ. Кәсіпорында 70-тен астам тұрақты жұмыс орны ашылады».

Фермадағы мал шаруашылығы үшін жем-шөп қоры толықтай Orbis Agro компаниясының өз өндірісі есебінен қамтамасыз етіледі. Бұл үшін жүгері және басқа да азықтық дақылдардың егістігі, сондай-ақ құрамажем зауыты іске қосылады.

«Біздің мақсатымыз жай ғана жаңа ферма салу емес, мал шаруашылығына озық технологияларды енгізу болды. Карусельдік сауу әдісі, толық жем-шөп базасы және заманауи инфрақұрылым өнім сапасын және өндірістің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл өңірде сүт өңдеу саласын кеңейту мен дамытуға жасалған қадам», — деді Orbis Kazakhstan холдингінің негізін қалаушысы Фаррух Махмудов.

«Буденное-СК» ЖШС Orbis Agro арқылы 2001 жылы қазақстандық кәсіпкерлер Фаррух және Сухраб Махмудовтар негізін қалаған Orbis Kazakhstan холдингінің құрамына кіреді. Топтың активтері автомобиль жасау, құрылыс, техника дистрибуциясы, автосервис, агробизнес, HoReCa және басқа да салаларды қамтиды.

JQ-Aqparat

Сурет: Orbis Kazakhstan

24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет
20 қантар, 10:48
Банкомат арқылы қолма-қол ақша алатын азаматтарға қатысты деректер базасы құрылмайды – Ұлттық банк
19 қантар, 13:48
Аида Балаева балаларға арналған кітаптардың жоқ екенін ашып айтты
12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?