jasqazaq.kz

Қазақстан жаңа дамудың дәуіріне қадам басты деп айта аламыз

15 қыркүйек 2025, 19:24

Мемлекет басшысының кезекті Жолдауында еліміздің саяси жаңғыруы мен экономикалық дамуына, сондай-ақ, Қазақстанның болашағына қатысты өте өзекті мәселелерді қозғады. Президентіміздің Қазақстанды толыққанды цифрлы мемлекетке айналдыру жөніндегі тарихи бастамасы – ел болашағын айқындайтын маңызды стратегия.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен соңғы жылдары Қазақстанда ауқымды саяси реформалар жүргізілгені мәлім. Мемлекет басшысы еліміздің саяси жүйесін одан әрі жетілдіре түсу үшін парламенттік реформа жүргізуге бастамашы болып отыр. Әрине, ел болашағына қатысты осынау маңызды шешімді халқымыз референдум арқылы қабылдайды.

Менің ойымша, Парламенттің бір палаталы болуы Қазақстан секілді біртұтас, унитарлы мемлекет үшін өте орынды. Бұл отандық заң шығару жүйесін жетілдіруге, депутаттардың саяси салмағы мен ықпалын арттыруға жол ашады. Бір палаталы Парламенттің Үкіметті жасақтау мен оның жұмысын қағалаудағы рөлі арта түседі. Ал, оның құрамының партиялық жүйе арқылы жасақталуы саяси бәсекелестіктің, плюрализмнің артуына мүмкіндік береді. Бір ауыз сөзбен айтқанда, Қазақстан демократиялық дамудың жаңа кезеңіне қадам басудың қарсаңында тұр.

Бұдан бөлек, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты ретінде, Жолдаудағы аймақтарға инвестиция тарту мәселелеріне айрықша назар аудардым. Қасым-Жомарт Кемелұлы инвестиция тарту — орталық атқарушы органдардың ғана емес, жергілікті биліктің де міндеті екеніне тоқталып, әкімдердің өңірдегі инвестициялық ахуалға тікелей жауапты болуы тиістігін айтты.

Осы орайда, Шымкентте инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша жұмыстың біршама оң нәтижесі бар екенін атап өткім келеді. Нақты айтар болсақ, биыл қаңтар-маусым айларында қала экономикасына 359,9 млрд теңге инвестиция тартылған. Бұл көрсеткіш өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 31 пайызға өсті. Дегенмен, қол жеткізілген жетістіктерге тоқмейілсіп отыруға болмайтыны анық. Әсіресе, Президенттің арнайы экономикалық аймақтарды басқарудың тиімділігін арттыру жөніндегі нұсқауы өте орынды деп есептеймін.
Талғат БАЛТАБАЕВ,
Шымкент қалалық мәслихатының депутаты

Бүгін, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет
20 қантар, 10:48
Банкомат арқылы қолма-қол ақша алатын азаматтарға қатысты деректер базасы құрылмайды – Ұлттық банк
19 қантар, 13:48
Аида Балаева балаларға арналған кітаптардың жоқ екенін ашып айтты
12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?