Қазақстан-Вьетнам: көп жақты байланыс нығая түседі

21 тамыз 2023, 20:07

Мемлекет басшысы Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы Нгуен Фу Чонгпен кездесті
Aqorda.resmi Телеграм-каналы жазғандай, кездесуде қазақ-вьетнам күн тәртібіндегі өзекті мәселелер қарастырылды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ халқы вьетнам халқы мен елдің жетістіктеріне зор құрметпен қарайтынын атап өтті. Сондай-ақ өз сапарының негізгі мақсаттарының бірі барлық саладағы ынтымақтастыққа, соның ішінде экономикалық қатынастарға тың серпін беру екенін жеткізді. Екі елдің көпжақты байланыстарын нығайту үшін бірлескен жұмыстарды белсенді жүргізуге дайын екеніне тоқталды. Сонымен қатар Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды саяси және экономикалық өзгерістер туралы айтты.
Өз кезегінде Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы Нгуен Фу Чонг Қазақстан мен Вьетнам арасында берік достық пен ортақ құндылықтарға негізделген тығыз әрі үйлесімді қатынас орнағанын атап өтті. Вьетнам халқы және жеке өзі Қазақстан мен оның халқына әрдайым ерекше құрметпен қарайтынын жеткізді.

JQ-Aqparat

07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз