jasqazaq.kz

Қазақстан мен Оңтүстік Корея су шаруашылығын цифрландыру саласында бірлесе жұмыс істейді

25 қыркүйек, 15:19

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің тапсырмасы бойынша «Қазсушар» РМК Оңтүстік Кореяның K-Water корпорациясымен өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум жасасты. Құжатқа «Қазсушар» РМК бас директоры Ануар Өскенбаев және K-Water вице-президенті Сонг Ен Хан қол қойды.

Меморандум бірнеше бағыттағы ынтымақтастықты қамтиды. Ол су шаруашылығы нысандарын тиімді басқару мен мониторинг жүргізуді көздейді. Жасанды интеллект арқылы су тасқыны мен қуаңшылық тәуекелдерін болжау және басқару, су ресурстарын есепке алу мен мониторингті цифрландыру жоспарланған. Сондай-ақ гидротехникалық құрылысжайлар мен суару каналдарын басқаруда геоақпараттық жүйелер мен картографиялық шешімдер қолдану көзделіп отыр. Сонымен қатар бірлескен ғылыми және технологиялық зерттеулер жүргізіп, білікті мамандар даярлау қарастырылған.

Кездесуде K-Water өкілдері өздерінің ақпараттық жүйесін таныстырды. Су ресурстары және ирригация министрлігінің өкілдері мен кореялық делегация Қазақстанда «Цифрлық егіз» технологиясын қолдану мүмкіндігін талқылады. Бұл технология нақты нысанның немесе жүйенің виртуалды үлгісін құрып, сенсорлардан, жасанды интеллекттен және симуляциялардан алынған деректер негізінде оны нақты уақыт режимінде бақылауға, талдауға және басқаруға мүмкіндік береді.

«Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында су шаруашылығы нысандарын автоматтандыру және жаңғырту міндетін қойып, су саласында жасанды интеллектті енгізудің маңызын атап өтті. K-Water компаниясымен ынтымақтастық еліміздегі су шаруашылығын цифрландыру қарқынын жеделдетуге, озық халықаралық тәжірибені игеруге және республикада су ресурстарын тиімді пайдалану мен басқаруды арттыруға жол ашады», – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Аслан Абдраимов.

06 қазан, 11:27
Алматыда Азаматтық қоғамды дамытуға арналған форум өтті
30 қыркүйек, 11:51
Алматы: Сапалы ауыз сумен қамту бағытында
25 қыркүйек, 13:46
Алматы: Көлік инфрақұрылымындағы жаңа белес
25 қыркүйек, 13:15
Бүгінгі Әлемнің Тілеуі – Қауіпсіз Ғалам
23 қыркүйек, 16:23
"Үлкен Алмадағы" жемісті жүздесу
22 қыркүйек, 15:31
TEKNOFEST 2025: Стамбулды технология ордасына айналдырған фестиваль өтті
20 қыркүйек, 23:04
PRO.NRG Fest 2025: Тамыры тереңнің бұтағы биік
20 қыркүйек, 12:12
Қала күніне орай ауданда жаңа жүргіншілер аймағы ашылды
03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке