jasqazaq.kz

Қазақстан мен Германия туризм саласындағы ынтымақтастық перспективасын талқылады

03 қыркүйек 2025, 17:43

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаев Германияның Туристік қауымдастығының (DRV) делегациясымен, сондай-ақ жетекші неміс туроператорларымен кездесу өткізіп, туризм саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Кездесуге Германия Туристік қауымдастығының президенті Норберт Андреас Фибиг, неміс туроператорларының өкілдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов қатысты.
Кездесуді аша отырып, Ермек Көшербаев Қазақстан Германия Федеративтік Республикасымен байланыстарды нығайтуға ерекше мән беретінін, ал туризм екіжақты ынтымақтастықты дамытудың маңызды бағыты болып саналатынын атап өтті.
«Қазақстан үшін туризм – тек экономиканың саласы ғана емес, екі ел арасындағы сенім көпірі. Германиямен ынтымақтастық біздің елімізді еуропалық нарықта ілгерілету үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. DRV Destination Forum-ды Қазақстанда өткізу мүмкіндігін талқылау өзара қызығушылықты арттыру мен әріптестікті дамыту жолындағы маңызды қадам », – деді вице-премьер.
Кездесудің негізгі тақырыбы – неміс нарығында Қазақстанды туристік бағыт ретінде ілгерілету перспективалары, сондай-ақ 2026 жылы елімізде DRV Destination Forum-ды өткізу мүмкіндігін қарастыру болды.
Германия Туристік қауымдастығының президенті Норберт Андреас Фибиг неміс туристік нарығы үшін Қазақстанның тартымдылығын атап өтті.
«Қазақстанға келіп, оның туристік әлеуетін өз көзімізбен көруге мүмкіндік туғанына қуаныштымыз. Еліңіздің бірегей табиғаты, бай тарихы және заманауи дамуы оны неміс туристері үшін тартымды бағыт етеді. Неміс туристері жыл сайын 85 млрд еуродан астам қаржы жұмсайды, және біз Қазақстанның олардың таңдаулы бағыттарының қатарынан лайықты орын алатынына сенімдіміз», – деді ол.
Неміс делегациясының сапар бағдарламасына Астана, Алматы және Байқоңыр қалаларына бару енгізілген. Қонақтар Қазақстанның туристік әлеуетімен және бірлескен жобаларды дамыту мүмкіндіктерімен танысады.
Кездесу соңында Ермек Көшербаев Қазақстан мен Германияның бірлескен күш-жігері екі ел арасындағы ынтымақтастық пен достықты одан әрі нығайтуға септігін тигізетініне сенім білдірді.
JQ-Aqparat
Сурет: primeminister.kz

Бүгін, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр