Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы серіктестік пен достық: даму болашағы мен жаңа жобалары

12 наурыз, 17:37

Орталық Азия мен Кавказдың саяси картасының екі басты тұлғасы Қазақстан мен Әзербайжан ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлерге, ортақ мүдделерге және өзара дамуға ұмтылысқа негізделген берік және көп қырлы қарым-қатынастарды көрсетеді. Бұл екі елдің саяси ынтымақтастығы өзара құрметке, түсіністік пен қолдауға негізделген стратегиялық серіктестіктің үлгісі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылдың 11 наурызында Әзербайжан мемлекетіне іс-сапар жасаған болатын. Сапар барысында Мемлекет басшысы Қазақстан мен Әзербайжан мемлекеті арасындағы стратегиялық серіктестік пен өзара ынтымақтастық пен қолдауға қатысты бірнеше кездесулер мен шараларға қатысқан болатын. Ал бұл мақалада біз Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы саясат, экономика, басқа да кең ауқымды салаларды қамтитын ынтымақтастықтың негізгі аспектілерін қарастырамыз. Сонымен қатар, біз осы түркі халықтары арасындағы байланысты нығайта түсетін тарихи және мәдени байланыстарды қарастырып, екі елдің даму болашақтарының негізгі салалары туралы айтатын боламыз.
Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы саяси серіктестік
Қазақстан мен Әзербайжан ынтымақтастығы терең тарихи тамырларға ие және әртүрлі деңгейдегі көпжылдық жемісті ынтымақтастықпен нығаятындығы жайлы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанға ресми іс-сапарының алдында атып кеткен болатын. Президент сұхбатында: «Біздің байланыстарымыздың табысты дамуының негізі, ең алдымен, қазақ және әзербайжан халықтары арасындағы ғасырлық бауырластық байланыстар, мемлекеттеріміздің көпжылдық жемісті ынтымақтастығы, халықаралық аренада өзара қолдау болып табылады» — деген болатын. Қазақстан мен Әзербайжанның тарихи тамырлары түркі мемлекеттерінен шыққанынан басқа, қазіргі кезде бұл мемлекеттердің сыртқы саясаттағы ұстанымы ол бейбітшілік пен қауіпсіздікке ұмтылғандығын да айтып кету керек. Себебі, екі мемлекетте аумақтық тұтастыққа қол сұқпаушылық қағидатын ұстанады және аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін өзара іс-қимыл жасауға дайын болып келеді. Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) шеңберіндегі ынтымақтастық оларға қауіпсіздік мәселелерін бірлесіп шешуге және ықтимал қақтығыстардың алдын алуға мүмкіндік береді. Дегенімен қазіргі кезде аталған екі мемлекетті қоршаған аймақтарда саяси тұрақсыздықтың орын алуына байланысты да бұл екі мемлекеттің өзара серіктестігіне де қауіп төнуі мүмкін болып тұр, сондықтан бұл мәселелерді шешу кезінде де көршілес жатқан мемлекеттердің өзара серіктестігіне әсер ететін факторларды да қарастыру маңызды болып тұр. Бұл туралы Қазақстандық саясаттанушы Марат Шибутов: «Қара теңіз барған сайын соғыс пен жанжал алаңына айналып бара жатыр, мұнда тауар тасымалдау да, порт нысандарының жұмысын істеуде қауіпті болып отыр. Қазақстан мұнайы мен астығының экспортының басым бөлігі Қара теңіздегі Ресей порттары арқылы өтетін болғандықтан, бұл мәселе Қазақстан үшін өзекті болып тұр. Сондықтан, Каспий теңізі мен Әзербайжан арқылы екінші жолды құру өте маңызды. Ол бұрын жұмыс істеп тұрған болатын, бірақ кейін Каспий құбыры кеңейтілгендіктен және тасымалдау жұмыстары қиындатылғандықтан, бұл бәсекеге төтеп бере алмады. Соған қарамастан, Қазақстан Ақтау портын кеңейтіп, дәл осы бағыт үшін Құрық портын салған болатын» — деп пікірін білдірген.
Екі мемлекет арасындағы серіктестік қарым-қатынастарының бастауы 2022 жылы басталған, соның негізінде Астана мен Баку арасындағы серіктестіктің қанат жайған алаңдарына айналды. Осы бастаудың негізінде мемлекеттер арасында стратегиялық маңызы бар құжаттар мен жобалар жүзеге асырылып келе жатыр. Соңғы бір жарым жылда мемлекеттер арасында 40-тан астам маңызды құжаттарға қол қойылды. Сауда-экономикалық сектор мен мәдениет саласында да көптеген жобалар жасалып келеді. Келесі бөлімдерде екі мемлекет арасындағы экономикалық, сауда-тауар айналымы қарым-қатынасы, және басқа да салаларда жүзеге асырылып жатқан жобалары туралы айтатын боламыз.
Сауда- экономикалық серікстестіктің дамуы
Қазақстан мен Әзербайжан мемлекеттері арасындағы экономикалық серіктестіктің өзіндік ерекшеліктері мен даму перспективалары бар. Бұл мемлекеттер іс жүзінде өзара тиімді ынтымақтастықтың үлкен әлеуетіне ие. Тек 2020 жылдан бастап тауар айналымы 5 есе, жарты миллиард долларға дейін өсті және бұл шектен алыс көрсеткішті көрсетті. Ал мемлекеттер арасындағы екіжақты тауар айналымы 2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте 417,4 миллион долларды құрады, бұл рекордтық көрсеткіш және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31,9%-ға (316,4 миллион долларға) жоғары болды.
Екі жақты экономикалық қарым-қатынас кезінде Қазақстан Әзербайжанға тауарды көбірек сатқандығы анықталды, яғни елдер арасындағы сауданың едәуір үлесі Қазақстанға тиесілі болды, ол 360,1 миллион долларды немесе 86,3% көрсетті. 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстаннан Әзербайжанға экспорт көлемі 256,2 миллион доллардан 40,5 пайызға өсті. Осы кезеңде Әзербайжаннан импорт көлемі 57,3 миллион долларды құрады. Сонда біздің мемлекетіміз Әзербайжанға қандай тауарларды экспорттайтындығын анықтау маңызды болып тұр.
Қазақстан Ұлттық экономика министрлігінің деректері бойынша өңделмеген алюминийді жеткізу 538,2 есе өсті, яғни 201 мың доллардан, 108,2 миллион долларға дейін өскен. Осылайша, алюминии Қазақстанның Әзербайжанға негізгі экспорттық тауарына айналды, бұл экспорттың жалпы көлемінің 30%-ын құрады.
Қазақстан мен Әзербайжан мемлекеттерінің ірі мұнай компанияларының да серіктестіктері мемлекет басшыларының кездесуі кезінде де талқыланған болатын. «ҚазМұнайГаз» және Әзербайжанның SOCAR компаниясы мұнайды одан әрі тасымалдау туралы келісімге келді. Бұл салада да көрсеткіштердің өсімі де байқалады, мұнай өнімдерін жеткізу көлемі 61,1 миллион доллардан 74,9 миллион долларға дейін өскен, ал шикі мұнайды жеткізу көлемі 56,7 миллион доллардан 73,2 миллион долларға дейін өскен.
Қазақстан өз кезегінде Әзербайжанға рельстерді, бидайды, металл илемдеуді, батареяларды, теміржол вагондарын, нан және ұн өнімдерін, макарон және маргарин тасымалдайды.
Сонымен қатар, өткен жылдың 9 айының қортындысы бойынша Әзербайжаннан Қазақстанға импорттың көлемі 57,3 миллион долларға жеткен. Импорт пен экспорттың көрсеткіштеріне қарап, екі мемлекет арасында 2020 жылдан бастап тауар айналымының 5 есе өскендігін көре аламыз.
Әзербайжаннан Қазақстанға тасымалданатын тауарлар:
 Ауыз су, оның ішінде минералды және газдалға су – 9,3 миллион доллар.
 Паромдар мен круиздік кемелер – 11,6 миллион доллар.
 Қара металдардан жасалған құбырлар мен профильдер – 16,2 миллион доллар.
Әзербайжаннан келетін барлық импорттың 64,8%-ы аталған үш тауар тобынан тұрады.
Мемлекет басшысы Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысуы кезінде екі мемлекет арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастағы өсімді айтып, алдағы уақыттарда екі мемлекет арасында дамытуға бағытталған салалар туралы былай деген болатын: «Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы тауар айналымы 2020 жылдан бері 5 есе артты. Әрине, бұл цифр соншалықты таңқаларлық көрсеткіш емес шығар. Бұл бағытта жұмыс істеу керек, алайда қазіргі сауда қарқыны оң бағалауға лайық. Елдеріміз айтарлықтай экономикалық әлеуетке ие. Біз бұдан да зор жетістікке жетеміз деп ойлаймын. Шын мәнінде, ынтымақтастықтың ауқымы өте кең. Біз бүгін мұнай мен газдан бөлек, көлік пен логистикадан бастап, цифрландыруға дейінгі мәселелердің бәрін қарастырдық. Халықаралық аренада табысты жұмыс істеп жатқанымызға көңілім толады. Біріккен Ұлттар Ұйымындағы және басқа да халықаралық ұйымдардағы делегацияларымыз өзара жемісті қарым-қатынас жасап отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады деп ойлаймын», — деді Мемлекет басшысы.
Транзиттің географиясы мен перспективасын кеңейту: SOCAR және ҚазМұнайГаз арасындағы серіктестіктің дамуы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әзербайжанға сапары кезінде отандық ҚазМұнайГазда отандық мұнайды Әзербайжан арқылы тасымалдаудың жолдарын да қарастыру үшін сапар жасаған болатын. Мұнай және басқа да энергетика саласы бойынша екі ел арасында серіктестікті орнату екі мемлекеттің де дамуына әсер ететіндігі анық болып тұр.
Энергетика саласында стратегиялық серіктестіктер мұнай тасымалдарының тұрақтылығы мен тиімділігін қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады. Осы тұрғыда Әзірбайжан (SOCAR) және Қазақстан (ҚазМұнайГаз) мемлекеттік мұнай компаниялары арасындағы транзиттік маршруттарды кеңейту және ынтымақтастық ерекше маңызға ие болып отыр.
Көптеген геосаяси маңызды өңірлердің түйіскен жерінде Әзірбайжан мен Қазақстан өзінің стратегиялық орналасуына байланысты Халықаралық Мұнай саудасының негізгі қатысушылары болып табылады. Осыған орай, Баку-Тбилиси-Джейхан (БТД) мұнай құбыры арқылы қазақстандық мұнай транзитінің басталуы екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту үшін жаңа перспективалар ашады.
Теңіз кен орнында өндірілген қазақстандық мұнайдың бірінші партиясы 2023 жылдың 23 наурызында Ақтау портынан Бакудегі Сангачал терминалына «Президент Гейдар Әлиев» танкерімен сәтті жеткізілді. Бұл тарихи сәт SOCAR мен ҚазМұнайГаз арасындағы жыл сайын 1,5 миллион тонна қазақстандық мұнайды транзиттеу туралы ұзақ мерзімді келісімді іске асырудың бастапқы нүктесі болды.
SOCAR Midstream Operations деректеріне сәйкес, 27 наурызда қазақстандық мұнайдың келесі партиясы Ақтау портынан Бакуге жөнелтілетін болады. 2023 жылдың соңына дейін Каспий теңізі арқылы Ақтаудан Сангачал терминалына 12-14 танкер рейсі орындалады деп болжануда, бұл тараптардың ынтымақтастықтың осы бағытын белсенді дамытуға деген ұмтылысын растайды.
БТД бойынша қазақстандық мұнайдың тиімді транзитін қамтамасыз ету үшін SOCAR 2022 жылы Сангачал терминалының аумағында мұнай жинау бойынша құбыр желісін жаңартуда маңызды жобаларды іске асырды, бұл мұнай құбырының өткізу қабілетін арттырды.
2024 жылғы 11 наурызда ҚазМұнайГаз басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Бакуде SOCAR Президенті Ровшан Наджафпен кездескен болатын. Ағымдағы қызмет пен ынтымақтастық перспективалары, сондай-ақ Баку-Супса мұнай құбыры арқылы қазақстандық мұнайды тасымалдау перспективалары талқыланды. Екі тарап ынтымақтастықты кеңейтуге деген ұмтылысты растады, бұл компаниялар арасындағы серіктестікті нығайтады деген ойдамыз.
2023 жылдың қорытындысы және 2024 жылдың басы бойынша БТД арқылы қазақстандық мұнай транзитінің көлемі тұрақты өсуді көрсетеді. Ақтау портынан мұнайды жөнелту айтарлықтай көрсеткіштерді көрсетеді, бұл Тараптардың осы жобаны табысты іске асыруға деген сенімін көрсетеді.
Қазақстаннан Әзірбайжан аумағы арқылы, ҚазМұнайГаз және SOCAR компаниялары арасында 1,5 миллион тонна мұнай тасымалдауды көздейтін транзит туралы қол қойылған келісім аясында өткен жылдың басынан бастап Ақтаудан Бакуге және одан әрі Джейханға бағыт бойынша қазақстандық мұнайды тасымалдау процесі тұрақты түрде іске асырылуда.
2023 жылдың қорытындысы бойынша Ақтау портында 1 миллион 57 мың тонна мұнай жөнелтілді, ал 2024 жылдың қаңтар-ақпан айларында 232 мың тонна мұнай жөнелтілді.
BTC Co акционерлері., онда SOCAR негізгі қатысушы болып табылады, сондай-ақ Қазақстанмен ынтымақтастыққа жоғары қызығушылық танытады, бұл мұнай секторын дамыту және өңірдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайту үшін қосымша перспективалар ашады деген ойдамыз.
Осылайша, БТД арқылы қазақстандық мұнай транзитінің басталуы Әзірбайжан мен Қазақстан арасындағы мұнай саласындағы ынтымақтастықты кеңейту бағытындағы маңызды қадам болып отыр. Бұл процесс транзиттік маршруттарды әртараптандыруға ықпал етіп қана қоймайды, сонымен қатар әлемнің энергетикалық картасындағы екі маңызды ойыншының стратегиялық серіктестігін нығайтады.
Қорытындылай келе, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әзербайжан мемлекетіне ресми іс-сапары біздің мемлекетіміздің дамуына қатысты бірнеше мәселелер жүйесін қамтып, екі елдің ынтымақтастығын арттыру мен халықтың жағдайын жақсартуға бағытталған. Мемлекет басшысы кездесу кезінде екі ел арасындағы экономика, энергетика, мәдениет және тарихқа қатысты көптеген мәселелерді қамтыған болатын. Осының ішінде экономикалық сектор бойынша қолға алынып жатқан жобалар мен олардың ішінде жүзеге асырылып жатқандары біздің халқымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайына толықтай әсер ететіндігін айтуымыз керек. Бұл жаңа жұмыс орындарының ашылуы, халықты жұмыспен қамту жағын қарастыруы керек жобалар болып табылады.
Мемлекет басшысының шет елдерге, көрші мемлекеттерге сапары кезінде іске асырылуы тиіс жобаларды қарастыру кезінде жергілікті қазақстандықтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жасауға басты назар аударуы керек. Яғни, осы жобалар негізінде халықтың тұрмысының жақсаруына басты назар болуы міндетті. Сонымен қоса, біздің рухани мұрамызды, дәстүрімізді шет елде тарату мен насихаттау жұмыстарына да біздің қазақстандықтардың қатысуы маңызды болып тұр. Шын мәнісінде, мемлекет басшысының Құрманғазы орталығын ашуы, Ахмет Байтұрсынов атындағы көшенің Әзербайжанда болуы да екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықты арттыруы мүмкін шаралардың бірі.
Қазақстан бейбітшілік пен қауіпсіздіктің жаршысы, сондықтан Әзербайжан халқына Қарабақ оқиғасы кезінде көмектесті. Қазақстан әлемнің түкпір-түкпірінде болып жатқан жанжалдарды реттеу мен оны шешуге ат салысып жатқан мемлекеттердің бірі. Осындай бейбітшілік жаршысы ретіндегі ұстанымына да байланысты қазіргі кезде Қазақстанның әлемдік саясатта алатын орны ерекше болып тұрғанын, ал Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұстанған саясатын әлемдік саясатшылардың, басшылардың құрметтейтіндігін біз көрудеміз.

Айнұр Бақытжанова, сарапшы

Сурет: Aqorda.kz 

29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды