Қазақстан лаңкестік әдістерді қолдануға үзілді-кесілді қарсы

13 қазан 2023, 19:57


Мемлекет басшысы Қазақстанның халықаралық өзекті мәселелерді шешу үшін лаңкестік әдістерді қолдануға мүлде қарсы екенін мәлімдеді. Aqorda хабарлағандай, Президент Бішкекте өткен ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының кеңесінде Таяу Шығыстағы қазіргі ахуалға қатысты пікір білдірді. Қ. Тоқаев «Ондаған жыл бойы шешімін таппай келе жатқан міндеттерді жүзеге асыру үшін бейбіт азаматтарға зорлық-зомбылық көрсетіп, террорлық акциялар жасауға болмайды. Бұл – еш ақтауға келмейтін әрекет», – деді.
Қазақстан Президенті, сондай-ақ, геосаяси қайшылықтардың шиеленісе түскеніне тоқталып, әлем экономикасында тұрақсыздық күшейгенін атап өтті. Мемлекет басшысы осы мәселеге орай, «Қазақстан жаһандық сауда-саттық пен мемлекеттердің әл-ауқатына кері әсер ететін экономикалық санкцияларды қолдануға түбегейлі қарсы» деді.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді