jasqazaq.kz

Қазақстан киберполициясы 2025 жылы шетелде 7 call-орталықты жойды

05 қантар, 8:56

2025 жылы байланыс операторларымен бірлесіп, 19 миллионнан астам жалған қоңырау бұғатталды. Жалпы жүйе іске қосылған сәттен бастап мұндай 85 миллионнан астам қоңырауға тосқауыл қойылған. Қылмыстық топ құру және басқару фактілері бойынша 6 қылмыстық іс қозғалды, оның бірі трансұлттық сипатта, деп хабарлайды jasqazaq.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

— Біздің департамент мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы қылмыстың алдын алу бойынша біраз жұмыс атқаруда. Бұрынғы «дәстүрлі» қылмыстар интернет дамыған заманда онлайн-кеңістікке ауысып, олардың жаңа түрлері шығып жатыр. Бұрынғы ұрлықтардың бәрі онлайнға көшіп, қылмыскерлер жаңа айла пайдаланып, азаматтардың ақшаларын ұрлау үшін интернеттің дамыған техникаларын қолдануда. Мұндай қылмыспен күресуді үш бағытта жүргізу қажет. Ол заңнамалық шаралар, екінші — техникалық шаралар, үшінші — профилактикалық шаралар. Осы шараларды бірлесіп атқарған кезде ғана киберқылмысты тоқтатуға болады, — деді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай.

Өткен жылы тәртіп сақшылары шетелде 7 call-орталыққа тосқауыл қойды. Одан бөлек Қазақстан аумағында 6 call-орталық жойылды.

— Қазіргі уақытта қабылданған техникалық шаралардың нәтижесінде 100 мыңнан астам sim-карта тәркіленді. Қылмыскерлерден 88 sim-box алынды. Азаматтардың құқықтық, компьютерлік және қаржылық сауаттылығын көтеру басты назарда. Халыққа қылмыстардың жаңа түрлері және олардан қорғану әдістері туралы айтып жатырмыз, — деді Жандос Сүйінбай.

Өткен жылы тәртіп сақшылары шетелде 7 call-орталыққа тосқауыл қойды. Одан бөлек Қазақстан аумағында 6 call-орталық жойылды. Алаяқтықтың түрі жетерлік. Олардың арбауына түсіп қалмау үшін полиция қарапайым ережелерді ұстануды ұсынады.

— Кибергигиена ұстанған адам мұндай қылмысқа ұрынбайды. Жалған сілтемелерден өтпеу керек. Банк карталарын үшінші тұлғаларға бермеу керек. Жеке деректерді ешкімге айтпау қажет, — деді Жандос Сүйінбай.

26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды
17 желтоқсан 2025, 14:07
Алматы жастары экомәдениетті қалыптастыруда көш бастап тұр